06 Сәуір, 2011

Ықыласты құттықтаулар, ізгі тілектер

1868 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына мемлекет, үкімет басшыларынан, халық­ара­лық ұйым­дар­дың жетекшілерінен сайлаудағы жеңісіне бай­ла­нысты құттықтаулар келіп түсуде Америка Құрама Штаттары Нұр­сұл­тан Назарбаевты Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Президенті лауазы­мы­на қай­та сайлануы­мен құттық­тай­ды және Мемлекет басшы­сы­мен, Қазақстан хал­қы­мен әрі қарай да толық ауқымдағы стратегиялық әріп­­тес­тікті дамыту ниеті бар екенін білдіреді. Біз Сізбен және Қазақстан халқымен екі ел арасындағы кең ауқымды стратегиялық әріптестікті одан әрі жүзеге асыруға асы­ғулы екенімізді мәлімдейміз. Біз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақ­тас­тық ұйымы атап көрсеткен елдегі жағдайдың жақса­рып келе жатқаны туралы алдын ала қорытындысын қолдаймыз. Қазақстан Үкіметін ЕҚЫҰ есебінде келтірілген кейбір кемшіліктерді жедел жоюға шақырамыз. Қазақстанның саяси жағдайды одан әрі оңтайландыру жөніндегі міндеттемелерін қуаттаймыз және сайлау үдерісін тоқтаусыз жетілдіру елдегі саяси үдерістердің өмірлік маңызды құрамдасы болып табылатынына сенім білдіреміз, деп мәлімдеген АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты президенттік сайлаудағы сенімді же­ңі­сімен Еуропадағы қауіпсіздік және ын­тымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо құттықтады. Құттықтау мәтінінде былай делінген: Жоғары мәртебелі, Мен Сізді Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­касының Президенті қыз­метіне қайта сайлануыңызбен шын жү­ректен құттықтаймын және бұл таңдау Қазақстан хал­қы­ның Сізге және Сіздің саяса­ты­ңызға деген орасан сенімінің ай­ғағы деп са­наймын. Сіздің үдемелі эконо­ми­калық дамып келе жатқан жас мемлекеттің қалыптасуындағы жеке үлесіңіз және жоғары ха­лық­аралық беделіңіз халқы­ңыз­дан лай­­ықты бағасын алды, ал Қа­зақ­станды одан әрі дамыту жолын­да­ғы көзқарасыңыз қолдауға ие болды. Сіздің басшылығыңызбен саяси және әлеуметтік-экономикалық да­му­ға ұмтылысы жолында Қазақ­стан­ға келешекте табыстарға жетуіне тілектестік білдіремін, Қазақ­стан мен ЕҚЫҰ арасындағы жемісті ынты­мақ­тастық жалғасатынына сенемін. Біз Қазақстан тарабының ЕҚЫҰ-ға қолдауын жоғары ба­ғалаймыз. Оған Сіздің елдің өт­кен жылы ЕҚЫҰ-ның Төрағасы ретіндегі өте табысты лидерлігі дәлел болып табылады. Қазақ­стан біздің Ұйымның өміріне жа­ңаша дем және оның жұмысына тың серпін берді. Мен Қазақстан алда да ЕҚЫҰ-да белсенді рөл атқаратынына сенімдімін.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Испания Үкіметінің Төрағасы Хосе Луис Родригес Сапатеро құттықтады. Құттықтау мәтінінде былай делінген: Сіздің Қазақстан Рес­публикасының Президенті лауазымына қай­та сайлануыңызға бай­ланысты Сізге үлкен қанағат­тану­шы­лық сезіммен өзімнің шын жүректі құттық­тауымды жолдаймын және Сіздің жаңа президенттік мерзіміңіз барысында зор табыс­тар тілеймін. Сондай-ақ Сізге Испания Үкіметі біздің елдеріміз арасында ор­нық­қан ынтымақтас­тық пен дос­тықтың тамаша қарым-қаты­нас­та­рын тереңдетуді жал­ғастыру ниетінде екенін айтқым келеді.     Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Эстония Республикасының Президенті Тоомас Хендрик Ильвес құттықтады.  Құттық­тау мәтінінде былай делінген: Жоғары мәрте­бе­лі, Сіздің Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті қыз­метіне қай­та сайлануыңызға бай­ла­нысты Сізге өз құт­тық­тауымды, сондай-ақ Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы мен оның халқына шын ниетті тілегімді білдіргім келеді. Біз өз елдеріміздің арасында орныққан тамаша екі жақты қаты­нас­тарды одан әрі ны­ғай­туға ба­ғыт­талған біз­дің бірлескен қызме­ті­мізді жал­ғас­тыра беретінімізге се­немін.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Грузия Президенті Михаил Саакашвили құттықтады. Құттықтау мәтінінде былай делінген: Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Болып өткен сайлауда Қазақстан халқы Сізге тағы да сенім білдіре оты­рып, тәуелсіз және эко­но­микалық күшті мем­ле­кет­тегі реформалар мен де­мократиялық даму үшін, сондай-ақ Сіздің дана басшы­лы­ғы­ңызбен осы жолда қол жеткен айқын табыстарды мойын­дап дауыс берді. Отанның игілігі үшін ұзақ жыл­дар бойы риясыз пайдаланып келе жат­қан Сіздің білі­мі­ңіз бен тәжірибеңіз келешекте де Қазақстан Республикасының гүлденуіне арнала­ты­нына сенім білдіремін. Біздің халық­та­ры­мыз бен мемлекеттеріміз арасындағы дәс­түр­лі достық қаты­нас­тар­ды нығайту ісіне Сіздің қосқан өзіндік үлесіңіз­ді біз жоғары баға­лаймыз.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баевты президенттік сайлаудағы жарқын же­ңі­сімен Үндістан Республикасының Премьер-министрі Манмохан Сингх құттықтады. Құттықтау мәтінінде былай делінген: Жоғары мәртебелі, Сіздің көреген бас­шы­лығыңыз Қазақстанға өркендеу мен бейбітшілік алып келді. Сіздің қайта сайлануыңыз Қазақстан халқының сенімін білдіру болып табылады. Сізге алдағы жылдары да табыстар тілеймін. Үн­дістан мен Қазақстан ара­сында тығыз және дос­тық қатынастар орныққан. Менің Қазақстанға алдағы са­па­рым біздің страте­гия­лық серіктестігімізді одан әрі ны­ғайтуға және әр­та­рап­тандыруға мүм­кін­дік туғызып, біздің ха­лықтары­мыздың өз­ара тиі­мді қа­рым-қа­ты­нас­тарын дамы­туға, өңірдегі бейбітшілік пен тұ­­рақ­ты­лық­қа қыз­­мет ете­тін бо­лады деп күтемін.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүл құттықтады.  Құттықтау мәтінінде былай делінген: Жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы, Сайлау тыныш және еркін жағдайда өтті. Мен бұған өте қуа­ны­ш­тымын. Қазақстан хал­қы ең лауазымды қыз­метке Сізді сайлау арқылы Сізге деген сенімін тағы да қуаттады. Сіздің дана және көреген сая­сатыңыздың арқасында Қазақ­стан­ның өңірдің гүлденген аралы ретінде биікке көтеріліп, халық­ара­лық арена­да­ғы абыройының күн сайын артуына куә бо­лу­дамыз. Біздің бауырлас ха­лықта­ры­мыздың ара­сын­дағы достықты ны­ғайтуға Сіздің қосқан құнды үлестеріңіздің маңызы зор. Стратегиялық әріп­тес­тік дәрежесіне кө­те­р­іл­ген байланыс­та­ры­мыз­дың ортақ келешегіне сенімімен қарай­тынымды білдіргім келеді.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайте құттықтады. Құттықтау мәтінінде былай делінген: Құрметті Президент, Сізді Қазақстан Президенті сайлауындағы же­ңісіңізбен құттық­тай­мын және Сіздің еліңіз бен халқыңыз үшін эко­номикалық, саяси және өзге салалардағы ма­ңыз­ды қызметіңіздің жал­ғасын табуына барынша табыстар тілеймін. Осы жағдайды пайдалана отырып, Сізге мен қанағаттану­шы­лық­пен қабыл алған, биылғы жылы Қазақ­станға екі жақты сапармен келуге ша­қы­руы­ңыз үшін риза­шы­лығымды білдіремін.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев құттықтады. Құттықтау мәтінінде былай делінген: Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің сайлаудағы же­ңісіңіз Қазақстан хал­­қы­ның Сізге деген үлкен сенімінің, халық­тың мем­лекеттілік пен тәр­тіп­ті нығайтуға, қоғам өмі­рінің барлық салала­рындағы түбе­гей­лі қайта құруларды жүзеге асы­ру­ға ба­ғыт­талған бастама­ларыңызға  деген қолдауының дә­лелі болды. Әзірбайжан мен Қазақстанды көп ға­сыр­дан бері жалғасып келе жатқан достық, тату көршілестік пен ынты­мақ­тастық  байла­ныс­тырады. Мен осы жақ­сы дәстүрлерге негізделген біздің мемле­кетаралық қарым-қа­тынасымыз тату хал­қы­мыз мен елдері­міз­дің игілігі үшін болашақта да дамиды деп сенемін.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Корея Республикасының Президенті Ли Мён БАК құттықтады. Құттықтау мәтінінде былай делінген: Құрметті Президент мырза! Корея Респуб­ли­ка­сы­­ның үкіме­ті мен хал­қы­ның атынан Қа­зақ­стан Республикасын пре­зиденттік сай­лау­дың өтуі­мен құттық­таймын. Сіздің жеңісіңіз – Қа­зақ­стан мемлекетін да­мытуға бағыт­талған Сіздің тамаша саяса­ты­ңыз­ды халықтың қолдауының нә­ти­жесі. Сіздің жетекшілігіңізбен Қа­­зақстанда ырғақты экономика­лық өсім жалғасатынына сенімдімін. Қазақстан мен Корея ара­сын­да­ғы стра­тегиялық әріптестікті да­мы­туға қосып отыр­ған Сіздің баға жеткісіз үлесіңіз үшін өзімнің шынайы ри­за­шылы­ғымды білдіремін. Сіздің сая­са­ты­ңыздың арқасында екі ел арасындағы дос­тық қарым-қатынастар бар­лық салаларда да нығая түсе­тініне шын мәнінде сенемін. Сізге денсаулық пен игілік, еліңізге бейбітшілік пен ты­ныштық тілеймін.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісі­мен Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Нгуен Минь Чиет құттықтады.  Құттықтау мәтінінде былай делінген: Мен Сіздің бас­шы­лы­ғыңызда Қазақстан халқы ел дамуы мен оның халықаралық ұс­та­нымдары­ның ар­ту­ын­­да үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, ай­мақ пен бүкіл әлемдегі бейбітшілік, тұрақ­ты­лық пен гүлденуді сақ­тауға тиімді үлесін қоса береді деп сенемін. Мен Вьетнам мен Қазақстан арасында жақсы қа­рым-қатынас дамып отыр­ғанына қуаныш­ты­мын. Бұл қарым-қа­ты­настар екі елдің тілегі мен мүддесіне жауап бере отыра, нығайып және дами түседі деп нық сенемін.