07 Сәуір, 2011

Бақытты ұрпақ өкілімін

753 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Иә, мен бақытты ұрпақтың өкілімін. Менің Қазақстанымның, Қазақ елінің Тәуелсіздік алғанына биыл 20 жыл толады. Мен тәуел­сіз­діктен кейін өмірге келген ба­қытты қызбын. Осы уақыт ішінде еліміз төрткүл дүниеге төрт құ­быласын түгендей отырып таныл­ды. Күні кеше ғана президенттік сай­лау өткіздік. Осы сайлау­дың нәтижесі Отанымыздағы бірлікті көрсетті. Нұрсұлтан Әбіш­ұлы ата­­мыздың саясатының дұ­рыс­­ты­ғын дәлелдеді. Біз енді Көш­­бас­шы­мыздың бастауымен, бір кездері атақты сөз зергері Әбіш Ке­кіл­байұлы айтқандай, «Тәуелсіз­дік тәтті сөз ғана емес, ол ұлттық жауапкершілік» екенін түсіне оты­рып, бүгінгі жеткен биігімізбен елдік күнімізді әлемге таныта оты­рып тойлайтын бола­мыз. Дү­ние­жүзіне мұндай елдігімізді көр­сететін жақсы істерді бұ­дан бұ­рын да атқарған едік. Бүгінгі таңда мен секілді жас­тарға не жетпейді дегенге айта­рым, білімділік, тәрбиелілік, ұлт­тың рухани құндылығын терең білу дер едім. Кез келген адам бой­ындағы жақсы қасиеттердің қа­лып­тасуына бірінші кезекте ішкі мәдениеті, адами қасиеті, тектілігі, тазалықты қадірлейтін бол­мы­сы көп септігін тигізеді. Мен Астанадан алыстағы ауыл мектебінде білім алып жүрмін. Болашақта Отанымның жақсылығын жұртқа жеткізетін журналист маманды­ғын меңгерсем деген ниетім бар. Осындай талабыма жасалып от­ыр­ған қамқорлық ауылда да аз емес. Соның бәріне ұйытқы бо­лып, ерекше қамқорлық жасап от­ырған Елбасының көрегендігі дер едім. Осы арада ойыма Ақтам­берді жыраудың: «Сары аязда қата ма, Қайнардың аққан бұлағы. Қап түбінде жата ма, болаттың асыл сынығы. Халқы тозып, кем болмас, Әділ болса ұлығы» деген өлеңі ойға оралады. Бұл бүгінгі Көшбасшымыздың әділ саясатын, халқын алға жетелеген ерен ең­бе­гін көрсететін жыр жолдары деп білемін. Еліміз өркендеп, біз си­яқ­ты жастардың тәуелсіз мемле­кет­тің алтын шаңырағына бір уық болып шаншылатынына сенімім мол. Бұл ойларым тек менің ғана байламым емес, мен секілді мил­лиондаған жастардың пікірінің арқауы екені сөзсіз. Ұлданай ТӨЛЕНБАЕВА, О.Жандосов атындағы мектептің  11 сынып оқушысы. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы.