14 Ақпан, 2017

Rolls-Royce компаниясы рекордтық шығынға ұшырады

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әуе қозғалтқыштары мен энергетикалық құрылғы шығаратын британиялық Rolls-Royce компаниясы 2016 жылы 4,6 млрд фунт стерлинг (5,7 млрд доллар) шығынға ұшырады, деп жазады BBC.

Rolls-Royce компаниясының бұлай шығындалуына себеп болған "Брексит" референдумынан кейін фунт бағамының құлдырауы. Өйткені, келісімнің басым бөлігін компания доллармен жасасқан.

Өткен жылы әуе қозғалтқыштарын шығаратын Еуропаның ең ірі компаниясының басы жемқорлық дауына қалғаны да белгілі. Компания әлемнің 12 елінде келісімшарт жасау үшін пара алды деп айыпталды.

2016 жылы компания 838 млн доллар айыппұл төлеп, Ұлыбритания мен АҚШ арасындағы жемқорлық дауына нүкте қойған.

Компания Индонезия, Тайланд, Үндістан, Ресей, Нигерия, Қытай мен Малайзияның энергетикалық компанияларының басшылығына пара бергенін мойындады. Мұндай күдік 2012 жылы туындаған еді.