Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Дубайда өтіп жатқан Әлемдік үкімет саммиті шеңберінде Біріккен Араб Әмірліктерінің Экономика министрі Сұлтан ибн Саид әл-Мансури мырзамен кездесу өткізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында министр цифрландыру саласындағы тәжірибемен бөлісіп, «Сандық Қазақстан» бағдарламасы, Smart-city технологиясын дамыту шеңберінде Астана хабын құру туралы айтып берді. Тараптар сандық трансформацияны ілгерілетуге және дамытуға бағытталған IT және жоғары технологиялар саласында өзара ынтымақтастық жүргізуге келісті.
Бұдан бөлек, Дәурен Абаев БАӘ бақыт министрі Охуд Әл-Румимен кездесті. Тараптар халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету, ұсынылатын рәсімдерді жеңілдету процесін жаңғырту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер саласындағы менеджмент мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастық барысын және оны ілгерілету жолдарын талқылады.