14 Ақпан, 2017

Астана қаласына жаңа прокурор тағайындалды

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен Бас прокурор Жақып Асановтың 2017 жылдың 14 ақпанындағы бұйрығы негізінде Болат Бекназарұлы Дембаев Астана қаласының прокуроры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.  Болат Дембаев бұған дейін Бас прокуратураның қылмыстық істер бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығын қадағалау департаментінің басшысы болып қызмет атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен Бас прокурор Жақып Асановтың 2017 жылдың 14 ақпанындағы бұйрығы негізінде Сабыржан Мәдиұлы Бекбосынов құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына жетуіне байланысты қызметінен босатылды. 
Соңғы жаңалықтар