15 Ақпан, 2017

«Азбука жилья» компаниясының активтері сатылымға шығарылады

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сот актілерін орындау департаменті «Азбука жилья» компаниясының активтерін бағалауға кірісті. Сол арқылы құнды қағаздар сатылымға шығарылады. Ал түскен қаржы арқылы проблемалық нысандар құрылысын аяқтау көзделіп отыр, деп хабарлайды 24Хабар. Айта кетейік, «Азбука жилья» серіктестігі 9 бірдей тұрғын үй салымшысын сан соқтырып, баспаналарын тиісті мерзімде пайдалануға бермеген. Осыған орай 3 ақпан күні апелляциялық алқа жауапкершілікке тартылған компания басшыларының мүлкін жәбірленушілерге беру туралы шешім шығарды. Енді проблемалық құрылысты жалғастырып жатқан мекемемен 2 мыңнан астам адам келісім жасасқан. Дегенмен, 1500 салымшы бұл компанияға да сенімсіздік танытып отыр. Құрылыс серіктестігі 5 тұрғын үй кешенін салып бітіру үшін 24 млрд теңге қажеттігін айтады. Қазірге дейін 8 млрд теңгенің жұмысы атқарылған. «Қалған істі «Азбука жильяның» активтерін сату арқылы салымшыларға берілген қаражат арқылы бітіреміз», - дейді жауапты мекеме мамандары.