15 Ақпан, 2017

Озық елдердің тәжірибесі бізге де үлгі

355 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, аталмыш ұжымның басшылары мен қызметкерлері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты саяси тәрбие және Елбасы Жол­­­дауында айтылған өзекті мәселе­лер­ді тал­қылау болды. Дөңгелек үстел жұмысын ашып берген Абай атындағы МАОБТ-тың бас директоры, Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Асқар Бөрібаев, сондай-ақ, Елбасының Үндеуінде айтылған бірқатар құзы­рет­терді Парламент пен Үкіметке беру көптеген дамыған озық елдер­дің тәжірибесінде кездесетінін атап көрсетті. «Осы тұрғыдан келгенде, аталған бастама жаһандық даму жолында елімізге тың сер­пін беріп, тынысымызды аша­тын сенімді құрал болмақ. Мәде­ниет саласының мамандары жан-жақты үн қосып жатыр. Біздің ұжым басшылығы мен қызметкерлері де Елбасы ұсын­ған реформаны талқылай келе, толық­қанды қолдайды», деп мәлімдеді. «Бәсекеге қабілеттілікті арт­тырып, мемлекетті нығай­татын үлкен күшке ие болу үшін эко­номикалық жаңа қадам жасау­дың маңызы зор. Прези­дент ұсынған реформа тың бастамаларға сер­пін береді. Өткен күннен сабақ алып, болашаққа нық сеніммен қарауымыз керек», – деді жиында сөз алған саясаттанушы Замир Қаражанов. Аталған реформа – ел болаша­ғына жасалған нақты қадам. Ал сан сараптан өткен саяси Үн­деу мемлекетіміздің дамуындағы тарихи сәт. Тәуелсіздік алған жыл­дар ішінде экономиканың бар­лық талаптарына жауап бере алатын мемлекеттік басқарудың көп қырлы моделі дүниеге келді. Қазақстанның әрбір азаматы бұл реформаны талқылауға белсенді түрде үн қосуы қажет. Қоғамдағы демократиялық үдерістерді дамытып, қуаттандыруда жаңа бет­бұрыстың маңызы зор деді – жиын­ға қатысушылар бірауыздан. «Келісіп пішкен тон келте бол­мас». Еліміздің барлық қала­лары мен аймақтарында қызу талқы­ланып жатқан реформаға үн қосу­шылардың саны күн санап артып отыр. Осыған қарап, еліміздегі саяси ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер ғана емес, реформаны талқылауға қатысқан еліміздің әр азаматы мемлекетіміздің болаша­ғына бей-жай қарай алмайтынын аңғарамыз. Арман ОКТЯБРЬ, журналист АЛМАТЫ