Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы болып өткен президент сайлауы қорытындыларына өзінің қолдауын білдіреді.
Қазақстан Тәуелсіздігінің барлық 20 жылында Мемлекет басшысы кәсіподақтар қозғалысын үнемі қолдап келеді, одан еңбек адамының ертеңгі күнге деген сенімін қамтамасыз етуге қабілетті шынайы күшті көріп, мемлекетіміздің игілігі жолында еңбек ету үшін жағдайлар жасауда.
Экономика мен әлеуметтік саланың барлық қызметкерлері өздерінің қазақстандықтардың болашағына деген үміттерін, өздерінің әл-ауқатының жақсаруын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен ғана байланыстырады.
Ұлт Көшбасшысы – ел Президенті басшылығымен Қазақстанның демократиялық қоғам құру, еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу және саяси жүйені жаңғырту бойынша өз жолын жалғастыратынына сенімді.
Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы әркезде де Тұңғыш Президент – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың, жүргізіліп жатқан реформалардың сенімді жақтаушысы болып келген және болып қала береді.
Біз Мемлекет басшысын сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтаймыз және оған мықты денсаулық, Отанымыздың өркендеуі жолындағы одан арғы қызметінде табыстар тілейміз.