15 Ақпан, 2017

Полицей – қашанда полицей

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ішкі істер орга­нының ардагері Асыл­бек Кенжин кешке, жұрт жұмыстан қайтар кезде көшеде аяң­дап келе жатқан. Кенет әйел­дің айқайлап кө­мек сұраған ащы дау­ысы шықты. Сөйтсе әйелдің ішін­де ақшасы, банкомат карточкасы бар сөмкесін бір жігіт қолы­нан жұлып алып, қаша жөнелген. Оны бірден байқаған Асыл­бек жігіттің артынан тұра ұмтылды. – Он бес минуттай ұрының соңынан қудым, ақыры ұстадым. 34 жастағы жігіт екен, полицияны шақырып, тапсырдым. Менен қашамын деп әйелдің сөмкесін ашып та үлгермепті, –дейді А.Кенжин. Лисаков қаласының 60 жастағы тұрғыны Татьяна Шрам жап-жас жігіттің мына қылығына қатты қапаланды. – Қорыққанымнан менің жан дауысым шықты, сол кезде ұрыны қуа жөнелген ер кісіні байқадым, ақыры ұстап алды. Асылбекке алғысым шексіз, «полицей – қашанда полицей» деп бекер айтпайды ғой, – дейді зейнеткер Т.Шрам. А.Кенжиннің ішкі істер органынан зейнетке шыққанына үш жыл болды, бірақ ол қашанда жаттығуларды тастамай, өзінің дене шымырлығына жауапкершілікпен қарайды. Жол полициясында қызмет еткендегі полицейлік тәсілдері бұл жолы да бұзақыны ұстауға мүмкіндік берді. Қазір ол кәсіпкерлікпен айналы­сады. Лисаков қалалық ішкі істер бөлімі қылмыскерді ұстаудағы көмегі үшін Асылбек Кенжинге Алғыс хат тапсырды. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан» Қостанай облысы, Лисаков қаласы
Соңғы жаңалықтар