16 Ақпан, 2017

Қырғызстанның Ұлттық банкі әр азаматқа 100 грамм алтын бермекші

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қырғызстан Ұлттық банкінің басшылығы елдегі әр азаматқа кемінде 100 грамм алтыннан үлестіру туралы бастама көтерді, деп жазады businessinsider басылымы. Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Қырғызстан бас банкирі Толқынбек Әбдіғұлов Орталық банктің халыққа 140 килограмм алтын сатқанын мәлімдеді. Орталық банк мұндай қадамға азаматтардың байлығын қолындағы мал басымен есептеуден арылту үшін барып отырған көрінеді. "Алтын жылдар бойы өз құнын жоғалтпайды. Байлықты жинауда ешқандай да инфляцияға ұшырамайтын алтынды қолдануды игеруіміз керек", - деді Толқынбек Әбдіғұлов. Қырғызстанның басты экспорты қазіргі таңда алтын. Елдегі халық санының 6 млн екенін ескерек, ұлттық аталған бастама үшін халыққа 600 тонна алтын таратуы тиіс. Бұл көрсеткіш ел экспортынан 30 есеге артық.  
Соңғы жаңалықтар