16 Ақпан, 2017

Сирия оппозициясы Қазақстан халқы мен Президентіне алғыс айтты

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі Астана процесінің жалпы отырысы барысында Сирия қарулы оппозициясы делегациясының жетекшісі Мохаммед Аллуш Қазақстан халқы мен Президентіне алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сирия қарулы оппозициясы делегациясының жетекшісі Мохаммед Аллуш өз сөзінде келіссөз қатысушылары үшін барлық жағдай жасап, қонақжайлық танытқан Қазақстан халқына және Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді. Сонымен қатар ол Түркия, Иордания, Катар, БАӘ-ге ризашылығын білдіріп, Ресейдің соғыс іс-қимылдарын тоқтату режіміне қол қойылған сәттен бастап конструктивті тәсіл қолданғанын атап өтті.