17 Ақпан, 2017

«Транзит» аясында 150 кило есірткі тәркіленді

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақпан айының алғашқы жартысында аса ірі көлемде есірткі сақтау фактілерін анықтау және оның жолын кесуге бағытталған «Транзит» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Есірткіге қарсы күрес де­пар­таментінің ұйытқы бо-луымен өткен операцияға по­ли­цияның 2 512 қызметкері қатыстырылып, шара аясында 142 есірткі қылмысы анық­тал­ған және 150 килограмм есірт­кі заттары тәркіленді. Алға қойған мақсат-мін­деттер толығымен орындалды деуге негіз бар. Себебі, 227 жедел-іздестіру тобының маман­дары профилактикалық шара аясында 2 273 автокөлік пен 610 рейстік автобус, 178 жолау­шылар пойызы, 24 әуе рейсін мұқият бақылаудан өткізген. Нәтижесінде, 142 есірт­­кі қыл­мысы анық­тал­ған. Оның ішінде есірткі өт­кі­зудің – 94, аса ірі көлем­де сақ­­таудың – 40 және кон­тра­бан­далық әрекеттің 8 фактісі тіркеліп, заңсыз айналымнан 150 килограмм есірткі құрал­дары алынған. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»