17 Ақпан, 2017

Теңгенің бағамы тағы төмендеді

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша, бүгін, 17 ақпанда 1 АҚШ доллары 318,88 теңгеге теңесті. Осылайша бір жылдық рекорды кезекті рет жаңартып отыр. Естеріңізге сала кетейік, бұл көрсеткіш 2015 жылдың 15 желтоқсанынан бергі ең төменгі деңгей ретінде тіркелді. 2015 жылдың 14 желтоқсанында доллардың бағамы 314 теңгеден 325-ке көтеріліп кеткен еді. Ал мұнай бағасына келер болсақ, апта басынан бері қара алтын құны 55,60-56,70 аралығына тұрақталды. Бүгін Астана уақытымен таңғы сағати 11:00-де Бренттің бағасы 55,76 долларға теңесті.