Облыстың аудан-қалаларынан келген өкілдер облыс әкімі Болат Бақауовтың есеп беру кездесуіне жиналды.
Елбасы өз Жолдауында еліміздің екі жаңғырту кезеңінен өтіп, жаңа белеске шыққанын айтып, негізгі 5 басым бағытты айқындап берді. Осы бағыттарды жүзеге асыру – басты міндет. Былтырғы жылды Павлодар өңірі табысты аяқтады. Облыста түрлі салалар бойынша оң динамика бар. Ал алда атқарылатын жұмыстар аз емес. Өткен жылдың кемшіліктерін ескере отырып, болашақты анықтаймыз. Жұртшылықты толғандырған мәселелердің шешімін табуына сай жұмыс жасаймыз, деді Б.Бақауов.
Облыс басшысы аудан орталықтарын аралап, ауылдарға жиі барады. Бірақ, шағын ауылдардың тірлігі әлі де ойлағандай алға басып кете қойған жоқ. Жиын барысында сұрақ қойған тұрғындардың басым көпшілігі ішетін таза су мәселесін көтерді. Былтыр ауылдардан 13 мыңға жуық тұрғын көшіп кетіпті. Мысалы, облыстағы 78 ауыл орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілсе, 81 ауыл кешенді блок модулі қондырғыларынан тазартылған суды қолданады, 225 ауыл – құбырлы шахталық құдықтардан, ұңғымалардан алынатын ауыз суды пайдалануда, 10 ауыл тасымалданатын сумен қамтамасыз етілуде.
Тағы бір қолға алған жұмыс – былтыр ерте көктемнен бастап ауылшаруашылық кооперативтерін құру басталды. Облыста 42 ауылшаруашылық кооперативі тіркеліп үлгеріпті. Ал өңірде 41,5 мың га суармалы жер пайдаланылады.
Елбасы Жолдауында аграрлық сектор жуық арада экономиканың жаңа драйверіне айналуы керектігі айтылды. Былтырғы жылы облыста агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 16,6 млрд теңге, республикалық бюджеттен мал шаруашылығын дамытып, субсидиялауға қосымша 2,6 млрд теңге бөлінді, деді Болат Бақауов.
Сол арқылы өңірде 14 млрд теңгеге 40 инвестжоба жүзеге асып, нәтижесінде 600 жұмыс орны ашылған.
Облыс орталығында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 184,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша 6,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 16,0 млрд теңгені құрады. 2016 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы бойынша 135 жас пәтер алса, «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша облыстың оқу орындарында еліміздің оңтүстік өңірлерінен 393 жас білім алуда.
Өткен жылы өңірге 430 млрд теңге инвестиция құйылды. Инвестфорум барысында құны 317 млрд теңгені құрайтын 30-ға тарта келісімшартқа қол қойылды, оған 500-дей кәсіпкер қатысты. Жоғары оқу орындары базасында ғылыми және инновациялық әлеуетті арттыру бағытында жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде.
Тағы бір бас ауыртар мәселе – облыс орталығындағы «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының жағдайы. Аймаққа 27 қатысушы тіркелгенімен, әзірге инвестицияларының көлемі 43 млрд теңге болатын 5 кәсіпорын ғана жұмыс істейді.
Өңірде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 44,0 мың бірлікті құрайды. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерден 3,8 млрд теңге бөлінді, оның ішінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға 1,1 млрд теңге қарастырылған. Бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері барлығы 121,2 млрд теңгеге 1475 жоба мақұлданған.
Өңірде өткен жылы 201 шақырым жолға жөндеу жүргізілді. Биыл «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалына біздің өңір арқылы өтетін республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге 75 млрд теңге бөлінді. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды қайта құру мен жөндеу жұмыстарына 11 млрд теңге қарастырылды, деді Болат Бақауов. Өткен жылы желтоқсанда «Орталық – Шығыс» республикалық көлік дәлізінің бір бөлігі болып табылатын, қашықтығы 12,3 км болатын, Ертіс өзені арқылы өтетін алып көпір пайдалануға берілді
Былтыр 398,9 мың тонна картоп, 208,8 мың тонна көкөніс, 62,7 мың тонна бақша дақылдары, 112,9 мың тонна майлы дақылдар жиналды. Өткен жылы облыс диқандары шет елге 7,5 мың тонна бидай, 6 мың тоннадан астам ұн экспорттады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 171,1 млрд теңгені құрады. 2017 жылғы 1 қаңтарға облыста республика бойынша 1 сұрыпты ұнның, күнбағыс майының, қарақұмықтың, картоптың, қызылшаның, сәбіздің, орамжапырақтың ең төмен бағалары тіркелді. Облыс орталығында 259 «әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаларды тұрақтандыру мақсатында былтыр 634 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, 1630,6 млн теңгеге өнім сатылды.
Астықты сақтау және өңдеу мақсатында 10 астық қабылдау пункті және 290,0 мың тонна сыйымдылығымен 115 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді. «Сыбаға», «Алтын Асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша 4150 бас ірі қара, 3728 бас қой, 1259 бас жылқы сатып алуға кредит берілді. Еттің экспорттық әлеуетін дамыту шеңберінде 1354 тонна ет өнімі экспортталды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша салада 13,8 млрд теңгенің 40 инвестициялық жобасы іске асырылды, 590 жұмыс орны құрылды.
Әкімнің есепті кездесуінен кейін облыс тұрғындарының жақсы өмір сүруі үшін Елбасы Жолдауында айтылған мақсат-міндеттердің ойдағыдай орындала беретініне сенім артқымыз келеді.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы

Әйелін суға батырып өлтірген Павлодар тұрғыны 15 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Ішкі нарықты қорғау – отандық өндірісті қолдау шарты
Экономика • Бүгін, 19:33
Трамп Иранның энергетикалық нысандарына соққы жасауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:45
Үйден шығып, қайта оралмаған: Кентауда жасөспірім іздестіріліп жатыр
Оқиға • Бүгін, 18:23
Трамп Иран мұнайын иемденгісі келеді
Әлем • Бүгін, 18:12
Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия кубогіне жолдама алды
Спорт • Бүгін, 17:55
TikTok-қа телмірген толқын: Балалар қанша уақытын әлеуметтік желіде өткізеді?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Қостанайда құрылыс компаниясының басшысы үлескерлердің қомақты қаражатын қалтасына басқан
Жемқорлық • Бүгін, 17:49
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 17:41
Бас прокуратура азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды
Заң • Бүгін, 17:21
Мұнай бағасы барреліне 115 долларға жетті: Рекордтық өсім тіркелді
Экономика • Бүгін, 16:57
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 3 есеге төмендеді
Қоғам • Бүгін, 16:40
Зейнетақы төлемдерінен 20% ұсталынатыны рас па?
Қоғам • Бүгін, 16:07
Атырау облысында жол апатынан екі бала көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:58
Күнде қуатты жарқыл тіркелді: Жерге қалай әсер етуі мүмкін?
Әлем • Бүгін, 15:39