21 Ақпан, 2017

Астананы қауіпсіз қала етудің кешенді жоспары қолға алынды

192 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсыруымен Бас Прокурор және Астана қаласының әкімі «Елордадағы қауіпсіздік және жайлылық» жобасын іске асыру бойынша кешенді жоспар бекітілді, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты. Жобаның мақсаты Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін, соның ішінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезінде қауіпсіз және жайлы жағдайлар жасау болып табылады. Жобаны іске асыру барысында 17 орталық мемлекеттік органның және квазимемлекеттік сектордың қатысуы жоспарланған, олар елордада қауіпсіз және жайлы уақыт өткізуге бағытталған шаралар кешенін ұсынады. Сонымен бірге, жобаны әзірлеуге елорда тұрғындары мен шет мемлекеттердің азаматтары тартылды, олар әлеуметтік желілердегі онлайн сауалнама және тікелей сауалнама арқылы қаланың өміріне қатысты ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Жобаны іске асыру бойынша кешенді жоспар 2 бағыттан тұрады: «Қауіпсіздік» және «Жайлылық», бұл екеуі өз кезегінде 172 шарадан тұратын 6 басты бағытқа бөлінген. «Қауіпсіздік» - бұл бағытқа қоғамдық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, төтенше жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жоюға дайындық шаралары кіреді. Мысалы, жобаны әзірлеу барысында Астанада 289 пәтер есепке алынғаны, соның 9,3 мыңы немесе шамамен 4% заңды түрде жалға берілетіні анықталды, алайда сарапшылар шынайы мәліметтердің ресми мәліметтерден алшақ екенін айтып отыр. Елордада барлық баспананың 10% жалға беріледі, бұл шамамен 400 млн теңге көлеңке айналым, есепке алынбаған арендалық пәтерлердің басқа жағы  қылмыскерлер үшін қолайлы орынға айналатынында. Қалыптасқан мәселені шешу үшін ішкі істер органдарының, мемлекеттік кіріс органдарының және тұрғын үй инспекциясы қызметкерлерінің қатысуымен «Участок» жедел алдын алу шарасы өткізіледі. Олардың басты міндеті міндетті салық төлеуден жалтарып жүрген пәтерді заңсыз жалға берушілерді анықтау болып табылады. «Жайлылық» бағытына сервиске және өмір сүру сапасына қанағаттандыру, туристік жайлылықты қамтамасыз ету шаралары жатады. Кешенді жоспардың бұл бағытын іске асыру азаматтардың төленетін және қауіпсіз еңбек ету құқығын, мүгедектердің жұмысқа орналасуын, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қорғалуын қамтамасыз етеді, медициналық қызмет көрсету деңгейін, азаматтардың мәдени-рухани дамуын арттырады.