23 Ақпан, 2017

Теңге бағамы 312-ге жақындай түсті

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
KASE-нің күндізгі сессия қорытындысы бойынша АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 312,46 теңге болды. Естеріңізге сала кетейік, таңғы сессияда 1 АҚШ доллары 312,84 теңгеге бағаланған еді. Таңғы және кешкі сессиялардың қорытындысы бойынша, теңгенің бағамы бүгін, 23 ақпан күні 312,65 теңгеге теңесті. Айта кетейік, Брент маркалы мұнай бағасы бүгін таңертеңнен бері 23 центке қымбаттап, Астана уақытымен 16:38-де 56,55 долларға саудаланды.