23 Ақпан, 2017

БҰҰ лаңкестікке қарсы жаңа басқарма құруды ұсынды

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерреш Бас ассамблея отырысында ұйым басшысының орынбасарына бағынатын лаңкестікке қарсы басқарма құруды ұсынды, деп жазады World News Network.

Бас хатшының айтуынша, бұл басқарма лаңкестікке қарсы күрестің қазіргі мандаттарын өзгертпей, керісінше, оның тиімділігін арттырады. Яғни, Саяси мәселелерге арналған департамент құрамындағы БҰҰ-ның лакестікке қарсы күрес орталығы мен лаңкестікке қарсы жаһандық стратегияны атқаратын мақсатты топ біріктірілуі мүмкін. - Басқарма мен арқылы Бас Ассамблеяны ақпараттандырып отыратын болады. Бұрынғыдай бірнеше құрылымға тәуелділік болмайды, деді Гутерреш.

Сонымен қатар Бас хатшы жаңа орган басқа мемлекеттердің ішкі саясатына араласуды мақсат етпейтінін айтты.