23 Ақпан, 2017

2018-2020 жылдарға арналған бюджетті дайындауда бақылау күшейтіледі

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ведомствоның кеңейтілген отырысында 2017 жылға арналған басым шаралармен бөлісті.

"Биылғы жылы Елбасының Жолдауына қатысты міндеттерді нақты анықтайтын боламыз, сондай-ақ, Үкіметтің  2017 жылдың  3 ақпанында  Үкімет отырысындағы талаптар  қолға алынады. Біріншіден, 2018-2020 жылдарға арналған бюджетті дайындауда   бақылау күшейтіледі", - деді министр. Бұл туралы strategy2050.kz хабарлайды.

Екіншіден, ведомство басшысы айтып  өткендей, бюджет пен оны орындау үдерістерінің  орындалуы қатаң бақылауға алынатын болады. «Үшіншіден, кәсіпкерлік шығынды түсіру үшін  салықтық-кеден саласында  жеңілдетілген  шаралар қолданылады. Бұның барлығы ақпараттық жүйені кезеңдік енгізу жолымен жүзеге асырылады. Төртіншіден, мемлекеттік сатып алу  саласында заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар жүзеге асырылады», - деді министр. Министр 2018 жылдың соңына дейін  кәсіпорындарды жекешелендіру шарасын аяқтау қажеттігін айтты.