Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуінде халыққа «еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынбақ» ойын, «Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу» жөніндегі ұсыныстарын айтты. «Біздің алдымызда билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр», дей келе, осы міндетті орындауға кірісу себебін былай деп өте орынды пайымдады: «Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді». Содан соң өзінің «елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып, осындай байлам» жасағанын ескертті және «екі негізгі бағыт бойынша іске» асырылмақ реформаға түсінік берді.
Президенттің өзі атап айтқандай, ұсынылып отырған бағдарлама үш міндетті шешуге жағдай жасайтын болады. Біріншіден, саяси жүйенің тұрақтылық қорын жасайды. Екіншіден, Үкімет пен Парламенттің рөлін арттырады. Бұл шара қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге жауап қайтарудың неғұрлым тиімді механизмін бермек. Президент мұны «басқарудың неғұрлым күрделі жүйесі» деп атады. Ол өз иелігіндегі өкілеттіктердің айтарлықтай бөлігін билік тармақтарына беруге саналы түрде барып отырғанын атап айтты. «Мен мұны жалғыз ғана мақсатпен – елді басқарудың неғұрлым тиімді, орнықты, заманауи жүйесін құру үшін жасап отырмын», – деді. «Үшіншіден, әлемде мемлекеттік құрылыстың әмбебап моделі жоқ. Бәрі де ізденіс үстінде» екенін ескерте келе, «біз өзіміздің, кейде ерекше шешімдерімізді» табатынымызды, «мемлекеттік құрылыстың бөгде модельдерін көшіріп алумен ешқашан айналыспағанымызды», бүкілхалықтық талқылауға «ұсынып отырған реформа ең алдымен өз тәжірибемізге және Қазақстанның өзінің қажеттіліктеріне арқа сүйейтінін» қадап айтты. Қазақстан қай бағытта жүреді деген сауалға жауап ретінде аталған реформалар бағдарламасын ұсынды.
Үндеу жарияланысымен көпшілік ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар жобасын қолдап, оларды жақсарта түсуге бағытталған ұсыныстарын да білдіре бастады. Біз де Мемлекет басшысының сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс қабілетін арттыруға күш-жігерін жұмылдыруды көздеген шешіміне ризамыз. Осы жерде, мәселе конституциялық өзгерістер жайында болғандықтан, Конституцияда биліктің сот тармағы жайында мемлекеттік тілде тұжырымдалған қағидаттарды мейлінше дұрыс түсіну үшін терминдердің дұрыс қолданылуы да маңызды екеніне назар аударғанды жөн көріп отырмын. Меніңше, енгізілетін өзгерістер қатарында бұларды да қаперге алған жөн болар еді. Мен жақсартуға тиіс кемшілікке балап отырған жайттар Негізгі Заңның мемлекеттік тілде емес, орысша дайындалып, қазақшаға аударылуы салдарынан кеткен болуға керек. Демек, оны түзететін уақыт та келді, орайы да туды.
Сондай-ақ, конституциялық реформа және тарихи әділеттілік қол ұстасып қатар жүрсе деген тілектеміз. Мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізгенімізбен, қазақ халқының бұрынғы режімдерде шектелген құқықтарын толық қалпына келтірумен шындап айналыспадық. Жаңа мүмкіндіктерге ие болғалы отырған Парламент, бәлкім, қазақтың ұлт мәселесін ескерер, арнайы талқылаулар жасар, шешілмеген тұстарын айқындар, тиісті құжаттар қабылдар, әр салада қазақтың ұлттық мүдделерінің қоғалуын бірінші кезекке қояр деп үміттенеміз.
Президенттің өз билігінің бірқатарынан ерікті түрде бас тартып, заң шығарушы және атқарушы билікті күшейтуге саналы түрде баруын баршамыз бағалай білейік және осы жасалмақ өзгерістердің жасампаздыққа ұласуына, билік салаларының халыққа қызмет ету дәрежесінің жақсаруына баршамыз бір кісідей көмектесейік деген тілек білдіремін.
Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ,
«Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының орынбасары

«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18
Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі
Президент • Бүгін, 13:10
Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Оқиға • Бүгін, 12:45
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:44
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:35