Қазіргі күнгі халықаралық жағдайды бағамдасақ, жаһанды шырмаған қиын-қыстау кезеңнен Қазақстан нақты жобаларды батыл жариялау арқылы сәтті қадам жасауда деп болжауға әбден болады. Ресей мен Батыс елдерінің арасындағы түсінбеушілік пен әлемдегі өзге де саяси-экономикалық жағдайдың күрделенуіне қарамай, Қазақстан Қытай елімен бірлесе Ұлы Жібек жолының жаңа дәуірін жандандыруды көздеуі сенімді серіктестіктің жарқын көрінісі.
Мұның бәрі елдің сыртқы саясатына қатысты әрекеттер. Ал енді ішкі тұрақтылықты сақтай отырып, жағдайды жақсартуға бағытталған жұмыстар өзектілігін жойған емес. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіре түсу үшін Президент Н.Назарбаев арнайы Үндеу жариялады.
Тағы бір ерекше атап өтуге тұрарлық мәселе – сырт көзге салсаң Қазақстан өзінің ашықтығымен және мақсаты айқын жоспарларымен Еуразия кеңістігіндегі көрші елдермен әріптестік қадамдарын нығайта түсуде. Осылайша, бұл ел Еуразияның солтүстік өңірі мен Орталық Азиядағы тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуына өлшеусіз үлес қосуда әрі онысы нәтижесіз де емес. Себебі, сенімді серіктестерсіз Еуразиялық интеграция мен Ұлы Жібек жолының жаңа кезеңінде нық қадам басу оңай шаруа болмасы анық. Ол үшін, әрине, Қазақстандағы саяси басқару қызметті заманауи талапқа сай әрі уақыт сұранысымен үндесе отырып, қайта жаңғыртылған болуы керек. Менің ойымша, оны бүгінгі билік дер кезінде қолға алып, сәтті жүзеге асыруда деп санаймын. Сонымен қатар, ішкі саяси жағдайдағы басқарушылық әлеуеттің де осал еместігі айқын аңғарылады.
Қазақстанда билікті орталықсыздандыру елді орталықтан басқарудан шығару дегенді білдірмейді. Мұны біз Қытайдың басқарушылық жүйесіне қарап байқауымызға болады. Дегенмен, Қазақстандағы билікті жаңғырту үдерісін қуатты идеология немесе электоралды компаниялар арқылы ойдағыдай жүзеге асырған жөн. Тек, жалпыұлттық талқылау барысында демократиялық теңдік қағидасы сақталып, артық толқу мен көлеңкелі әрекеттерге жол берілмегені жөн. Қалай болғанда да, Қазақстан үшін орталықсыздандырылған басқару жүйесі қажет. Себебі, мұндай жолмен жоғары технологиялы салада орта және шағын бизнестің қарқынды дамуына зор мүмкіндіктер береді және қалыптасқан бизнес әркезде де бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Әрине, бұл жерде бәсеке деп Қытай мен Еуразиялық экономикалық одақ нарығын атауға болады.
Сонымен қатар, қарышты дамыған жоғары технологиялы бизнес билікпен де терең әріптестік орната білгені мақұл. Әсіресе, бизнес жергілікті басқару санатындағы билікпен етене араласуы зор маңызға ие. Өйткені, қазіргі бизнес білім жүйесі мен ғылым және технологиямен, стандарттау талаптарымен астасқан. Ал Қазақстандағы аймақ пен жергілікті билік органдарындағы коммуникациялық даму ауқымы осылай деуімізге негіз болады. Сондықтан, билік өкілеттіктерін қайта бөлуде жергілікті билік пен кейбір ведомстволардың арасындағы бизнестің байланысын нығайтуға басымдық берілуі тиіс. Осылай жасалған жағдайда кейбір аймақтардағы партиялық ұйымдарға да өңірлердегі саяси жүйені еркін шолып отыруға мүмкіндіктер туады.
Юрий ШЕВЦОВ,
Еуропалық интеграция мәселелері жөніндегі орталық директоры (Беларусь)

Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Қоғам • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Президент • Бүгін, 13:13
Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді
Референдум • Бүгін, 13:03
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Үкімет • Бүгін, 13:01
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
Сталкинг: Қызылордада бойжеткенді аңдыған азамат 25 тәулікке қамалды
Аймақтар • Бүгін, 12:47
Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:34
Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылды: Қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:17
ҚазҰУ мен Сингапур технологиялық альянс құрды
Университет • Бүгін, 12:09
Шайдоров әлемдік БАҚ назарында
Олимпиада • Бүгін, 12:06
АҚШ елшісі: Дипломаттардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығы артып келеді
Саясат • Бүгін, 11:56
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: Зардап шеккендер бар
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:47
Президент тапсырмасы: 4 жас ғалым баспаналы болды
Ғылым • Бүгін, 11:45
Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған 15 азамат қайтадан жол ережесін бұзды
Аймақтар • Бүгін, 11:40
Катонқарағай паркіне қуатты өрт сөндіру техникалары жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 11:36