Биыл 11 наурызда мыңдаған адамның қазасы мен жойқын қиратылысқа алып келген Күншығыс еліндегі жер сілкінісіне байланысты Қазақстан Үкіметі Жапония тарапына 1 миллион АҚШ долларын қаржылай көмек ретінде бөлу және салмағы 33 тонна ет консервілерін жеткізу туралы шешім қабылдаған болатын.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағы аталмыш жүкті Жапонияға жеткізу үшін кеше кешке осы елге аттанды. Ал қаржылай көмек Жапонияның Қызыл Крест қоғамына аударылған болатын.
Осы орайда, Жапония 20 жылдан бері әр түрлі арналар арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жалпы сомасы 1 миллиард АҚШ доллары шамасында гранттар мен кредиттер бөліп келгенін ерекше атап өткен жөн.