13 Сәуір, 2011

«Мен оған сенемін»

503 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана әкімдігінде болып, қол­даныс­тағы заңнамаға сәй­кес, депу­тат­­тардың қарауы­на Астана қа­ласының әкімі қызметіне И.­Тас­­ма­ғам­бе­тов­тің кандида­ту­ра­сы енгізілген қалалық мәсли­хат­тың ке­зектен тыс сессия­сының жұмысына қатысты, деп ха­барлады Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Президентінің бас­пасөз қызметі. Депутаттар Мемлекет бас­шысының ұсынысын бірауыздан қолдады. – Иманғали Тасмағамбетовтің басшылық қызметте мол тә­жірибесі бар. Премьер-Министр, Мемлекеттік хатшы, Президент аппаратының басшысы болып та­ғайындалды, Атырау облысында, Алматы қаласында әкім болып еңбек етті, енді қазір осында қызмет атқаруда. Мен оған сенемін, ол мен үшін ерекше мәнге ие қалада, біздің басты қаламызда үлкен іс жасап жатыр деп есептеймін, – деді Президент. Мемлекет басшысы өткен пре­зиденттік сайлауда зор сенім көрсеткен астаналықтарға риза­шылығын білдірді. – Еліміз бойынша орташа есеппен алып қарағанда, сай­лауға қа­тыс­қандардың арасынан астана­лық­тардың 95 пайызы маған дауыс берді – бұл осы қала құрылысы, оны көркейту үшін істеген ісімізге берілген үздік баға. Ең бастысы, сайлаудың қорытын­дылары бүкіл әлемге Қазақстан халқының бірлігін, біздің бағы­ты­мыздың дұрыс­ты­ғын көрсетті. Қазақстан халқы бізге сенеді және біздің келешек үмітіміз бә­рі­міз бірге атқаратын істерге бай­ла­нысты. Осындай жоғары дең­гей­дегі қолдау біздің Тәуел­сіз­дігіміздің 20 жылдығы жылында көрсетілді, бұл көп жәйтті аңғартады. Біз қазір жалпы еліміз бойынша және Астана көлемінде алдымызға қойған міндеттерді та­бысты орындауда­мыз. Қазақ­стан бірқатар көрсеткіш­тер бой­ынша бүгінде әлемнің бәсе­кеге қабілетті 50 елінің қатарына еніп отыр. Десек те, өте көп жұмыс күтіп тұр. Және де еліміз бой­ынша жағымды өзгерістер, еш әсірелемей айтсақ, біздің елор­дамыздың қарқынды дамуымен тікелей байланысты деуге бо­ла­ды. Астана бүгінде – Қазақ­стан­ның табысы мен жеңісінің ны­шаны, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы. – Маған көрсеткен және көр­сетіп келе жатқан зор сеніміңіз үшін Сізге тағы да шын жү­ре­гім­мен алғыс айтуыма рұхсат етіңіз. Астана – бұл, бәрінен бұрын, үдемелі дамып отырған қаланың нышаны, бұл біздің еліміздің әл-ауқатының нышаны және елор­даға деген Сіздің көңіліңіздің ерек­ше көрінісі. Сіздің Астанаға қарым-қатынасыңыз ерекше еке­ні шүбәсіз, біз ерекше қам­қор­лықтамыз. Осының бәрі біздің бә­ріміз үшін зор жауапкершілік жүктейтіні сөзсіз және мен біз өзімізде бар барлық тәжірибеміз бен білімімізді Сіз алға қойған биік міндеттерді орындау үшін жұмсай­ты­ны­мызға сендіргім келеді, – деді И.Тасмағамбетов. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Мемлекет басшысы Астана әкімдігінің ұжымы алды­на бірқатар нақты міндеттер қой­ды. Бірінші кезекте, қалада инвесторлармен белсенді жұмыс­тар жүргізу керек, сондай-ақ индус­триялық-инновациялық даму бағ­дарламасының барлық жоспа­рын орындауды қамтамасыз ету қа­жет. Астаналықтарды жұмыспен қам­туға ерекше назар аудару керек. Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­сырмасы бойынша жылдың аяғы­н­а дейін өткен жылғы мемлекеттік бағ­дарлама бойынша барлық тұр­ғын үй кешенінің құрылысы аяқ­та­латын болады, сондай-ақ үлес­кер­лік құрылыстың 25 ны­саны, әлеу­меттік нысандарды салу кестесі қатаң бақылауға алы­нады. Соны­мен қатар, Астанада алғашқы ме­ди­циналық көмек саласындағы жұ­мыс­тар жақсара­тын болады, сон­дай-ақ жақын орналасқан облыс­тар­мен бірлесіп елорданың азық-түлік белдеуі бағдарламасын іске асыру жал­ғасын табады. – Қаланың басшылығына, әкім Иманғали Тасмағамбетовке, және сіздердің барлығыңызға олар­мен бір команда болып біз­дің елордамызды көркейтуде, салуда, оны заманауи әсем қалаға айналдыруда үлкен нәтижелерге қол жеткізулеріңізді тілегім келеді. Сіздер әрдайым осы міндетті орындап келдіңіздер, алдағы уақытта да солай боларына сенемін, сіздерге мықты денсаулық және зор табыс тілеймін, – деді Мемлекет басшысы.