Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде болып, ІІМ-нің ұжымына Қазақстан Республикасының жаңа Ішкі істер министрін таныстырды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Президенттің Жарлығымен генерал-майор Қалмұханбет Қасымов Ішкі істер министрі болып тағайындалды.
Құқық қорғау ведомствосының қызметкерлеріне жаңа Ішкі істер министрін таныстыра отырып, Президент полиция және ішкі әскер қызметкерлеріне жақсы жұмыстары үшін алғысын айтып, басым міндеттерді атап өтті.
– Қасымов еңбек жолын тергеушіден, аға тергеушіден бастаған. Ол заңгер, ішкі істер жүйесінде өмір бойы еңбек етіп келеді. Мен таяуда негізгі міндеттері белгіленген Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісіне қатыстым. Бүгінде сондай-ақ бірқатар міндетті шешу қажет. Бірінші, министр мен оның орынбасарлары ведомствоның өз ішіндегі жемқорлыққа қарсы іс-әрекетке жеке жауап береді. Мен бұл міндетті тағайындалған барлық министрлердің алдына қоямын. Министрлер мен олардың орынбасарлары – өз ведомстволарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске негізгі жауаптылар. Егер онымен министрліктің басшылығының біреуі айналысқан болса, онда бүкіл құрам және министр өз қызметінде қалуға құқы жоқ, – деді Елбасы.
– Екінші мәселе – бизнесмендерге зәбір көрсетуге жол берілмеуі тиіс. Біз қазір іскер адамдарға толықтай еркіндік беріп, ісіне араласпауға тиіспіз. Басқа барлық мәселелер бойынша мен тәртіп енгіземін, тексеруші органдарды қысқарту керек. Үшінші мәселе – кадрларды тәрбиелеу. Құрамға жастар көптеп келіп жатады, оларды оқыту керек. Заңды, өз құқықтары мен міндеттерін білулері керек, қарапайым адамдардың мұқтаждықтарын түсіну үшін оларға жақын болу керек. Егер өз құқығын, өз бостандығын қорғау үшін өтініш білдірген адам болса, полиция қызметкері оған көмектесуі тиіс. Тұрғындар оның жұмысына қолдау көрсетуі үшін ол тұрғындармен етене жақын болуы керек, деді Мемлекет басшысы.
Әрине, деп жалғады сөзін Президент, алдағы уақытта бізге заңнаманы жетілдіру керек. Осы орайда, біз қазір Ішкі істер министрлігі туралы заң жобасын әзірлеудеміз. Барлығын: полиция қызметкерлерінің материалдық жағдайын, полиция қызметкерлері үшін әлеуметтік пакетті ескеру қажет, сонымен қатар, халық алдындағы жауапкершілігі мен беделін көтеретін уақыт жетті. Осылай деген Н.Назарбаев сондықтан бәрінен хабардар, яғни төменгі жәйтті, ауыл, аудан жағдайын білетін адамды тағайындап отырғанын атап көрсетті. Ол облыста жұмыс істеді, бүкіл Қазақстанды аралап шықты, бүкіл жүйені, басшылықты таниды. Сайлаудан кейін халық топтаса түсті. Қазақстандықтар мерекелік көңіл-күй кешуде, халықтың үлкен қуаныштар күтері анық. Бұл бізге зор жауапкершіліктер жүктейді. Сіздер қылмыспен алғаш рет бетпе-бет келесіздер. Жергілікті жерлердегі қатардағы полицейлер, жол полициясының қатардағы қызметкері – сіздер қылмыспен күресте елдің негізгі күшісіздер. Сіздер ең үлкен құқық қорғау ұйымысыздар және елімізде құқық қорғауды нығайту жөніндегі ең негізгі күшсіздер, деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрлігі ведомство алдында тұрған барлық міндетті іске асыратынына сенім білдірді.
-----------------------------------------
Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27
Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалды
Спорт • Бүгін, 16:58
Астанада азық-түлікті тиімді бағада қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:54
Алматыдағы Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады
Алматы • Бүгін, 16:49
ChatGPT мен AliExpress компаниялары Қазақстан бюджетіне салық төледі
Экономика • Бүгін, 16:26
«Грантқа түсіремін»: Астанада 111 адамды алдаған алаяқ сотталды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Қарағандыда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:47