06 Наурыз, 2017

Кәсіпкерлік университет – адами капитал сапасын жақсартудың басты құралы

251 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жол­дау­ында білім беру саласындағы ма­мандардың назарын аударатын ар­тық­­­шылықтардың бірі – төртінші ба­сым­дық, яғни адами капитал сапасын жақ­сарту. Осы бөлімде нақты айтылған түй­ін «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жа­ңа моделінің орталық буынына ай­нал­дыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ой­лау қабілетін және өз бетімен іздену дағ­дыларын дамытуға бағыттау қажет», деп нақты тапсырма ретінде берілген. Бүгіндері – осы мақсат Қазақстан жо­ғары оқу орындарында қандай деңгейде орындалуда немесе инновациялық білім бе­рудің заманауи тетіктерінің қандай түр­лерін қолданғанда күт­кен­­дегідей же­тіс­т­іктерге жетуге бо­ла­ды деген мәселе ой түйіндерін тар­қатуға жетелейді. Егер шет­елдік тә­жі­ри­бе­лерге зер салсақ, әлем­нің барлық дер­лік мемлекеттерінде үкі­­меттің инно­вациялық жолмен да­мып жатқан бі­лім беру жүйесін қар­жы­ландыруда әдіс-тәсілдердің тиімді жол­дарын із­дес­тіруде екенін аңдаймыз. Тіп­ті, ал­пауыт АҚШ-тың өзінде ел үкі­меті мем­лекеттік университеттерді қар­жы­лан­дыруда олардың жалпы бюд­же­ті­нің 30 пайызынан асырмайды. Осы тұр­­ғыда оқу орындары өздерінің даму қар­­қыны үшін өздігінен қосымша қар­жы көздерін іздестіріп, кәсіпкерлік құ­ры­­л­ымдарды дамытуға мәжбүр. 1998 жылы Бертон Р.Кларк алғаш рет осы феноменнің жүйелі ғылыми мә­нін қолдануға талпыныс жасап, ғылыми айналымға «Enterpreneurial University» («кәсіпкерлік немесе антерпренерлік уни­верситет») терминін енгізді.  Аталған универсиет нені ұсынады? Кәсіпкерлік университеттің әмбебеп және ауқымды анықтамасының қайнар көзі ретінде бізге, әлбетте, кәсіпкерлік белсенділік елестейді. Дегенмен, өз ке­зе­гінде жоғары мектептерге қатысты кә­сіпкерлік қызмет дегеннің мәні қалай тү­сіндіріледі деген сауал туындайды? «Кәсіпкерлік қызмет: институттық дамудың стратегиясы» атты мақала­сын­да П.Шульце университеттің кә­сіп­кер­лік қызметін іске асырудың екі жо­лын көрсетеді. Оның алғашқы бағыты бо­лашақ кәсіпкерлерді, яғни өздерінің мен­шікті бизнестерінің негізін қалап, ол үшін жауапкершілікті мойнына ала бі­л­е­тін адамдарды даярлауға қатысты. Екінші бағыты – дәл сол уни­вер­си­теттің өзінің кәсіпкерлік қызметі. Яғ­ни, оның бизнес-инкубаторларды, тех­нопарктерді, еншілес фирмаларды, т.б. кәсіпкерлік нысандарды құруы бо­лып табылады. Ол үшін университет, студенттер мен бітіруші түлектерді ақ­параттық-кеңес беру, яғни теория ғана емес, сондай-ақ, ресурстық көмек көр­сету арқылы да кәсіпкерлікке тартуы тиіс. Бұл арада теория мен практиканың бір­лігі, жанды байланысы меңзеліп отырғ­аны белгілі. Мәселен, Оксфорд уни­верситетінің жанында жекелей ал­ғанда, жалпы жылдық қаржылық ай­на­лымы 4 млрд доллардан асатын 300 фирма бар, олардан университет қор­жы­нына жылына 1 млрд доллар қа­ра­жат түсетін көрінеді. Әңгіменің бастауы тек кәсіпкерлік ту­ралы және жаңа кәсіпорындарды құ­ру­да ғана емес, бәсекелестік артық­шы­лықтарына сүйене отырып, жоғары мек­тептер ғылымның араласуын қажет ете­тін инновациялық өндірістерді құ­рас­тыра алатын әлеуетке ие болуында. Жалпы, бұл қызметтің институттық не­гізі университеттік бизнес-инку­ба­­тор­лар мен технопарктер болып та­былады. Дүние жүзінде кеңірек та­ра­ған бизнес-инкубаторлар АҚШ-та. Он­да олар көптеген ғылыми тех­но­л­о­гия­­лық парктер құрамына кірік­ті­ріл­ген. Бүгінгі күні АҚШ та 160 бизнес-ин­кубатор өз қызметін уақыт талабына сай атқаруда. Осы бағытта Израиль мемлекетінің Машав халықаралық оқыту орталығы ғы­лым мен тəжірибені ырғақты ұш­тас­тырып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отырған әлемдегі бір­ден-бір сапалы орталық болуда. Осы тре­нинг орталығы жақында Қа­зақ­стан ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дан­­дырылған көрмесіне таңдап ал­ған тақырып бойынша әлемнің 25 елі­нен ғалымдарды шақыртып, «Жа­сыл эко­но­мика» немесе мұнай-газ, энер­гия көз­дерін үнемді пайдалану та­қы­ры­бын­­­да жиын өткізіп, соған қатысқан бо­­­ла­тынмын. Мен олардың балабақша –мек­­­теп – университет арасында сатылап бап­­тап-тәрбиелеп оқытып, тұлғаны ма­­ман­ қылып қалыптастырып шығару тә­­жі­ри­белеріне тәнті болдым. Мысалға, болашақ ауыл шаруа­шы­лы­­­ғы мамандарын мектеп жа­сы­нан, тіп­­­ті ба­лабақшадан бастап дай­ын­дай­­­ды екен. Сапар барысында ауыл ша­­­руашылығы ма­мандарын даяр­лай­тын мектепте бол­дық. Ол жер­де 6 жас­­тан бастап оқушыға ауыл ша­руа­­шы­­лығының қыр-сыры, қара жер­дің бе­ті мен қойнауы, тамырын жая­тын тұ­­­қым, өскен дән, жемісін кө­ру үшін оны күтіп-баптау және т.б. оқы­ты­ла бас­тайды. Балалар балғын ша­ғы­нан ба­лабақшада өзінің болашақ ма­ман­ды­ғын таңдап, арнайы бағытта дай­ын­дай­тын мектепке барады. Сонымен қатар, болашақ энергия көз­де­рін алмастыруға байланыс­ты жұ­мыс істеп жатқан өндіріс орын­­дарында, уни­вер­с­итеттегі би­з­нес-инкубаторларда инно­ва­ция­лық технологиялардың жаңа да­му ба­ры­сымен таныстық. Израильдегі білім бе­­ру ісі кластерлік жүйедегі инно­ва­ция­лық білім берудің моделімен ерек­ше­ленеді екен. Аграрлық саладағы жет­кен жетістіктері шынымен де адам таңғаларлық. Бұл тәжірибелер, олардың же­тіс­тік­тері – өркениетке ұмтылып, әлем­де­гі озық отыз елмен иық теңестіруге ұм­ты­лып отырған біздің мемлекетіміз үшін де аса өзекті. Елімізде «Баршаға а­рналған тегін кәсіптік-техникалық бі­лім беру» жобасы іске асырыла бас­та­ды. Жолдауда «Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиім­сіз жұмыспен қамтыған жастар, сон­дай-ақ, кәсіптік білімі жоқ ересек адам­дар қам­тылуы тиіс. Кәсіптік бі­лім беру жүйе­сінде мен айтқандай, эко­но­ми­ка­дағы жаңа өндірістер үшін ма­ман­­дар дайындауға ден қою керек», деп ай­тылды, бұның білім беру саласын ин­теграциялау, әлемдік тәжірибелердің озық модельдерімен оқытудың за­ма­науи діл­гірлігінен туған өскелең та- л­ап­тар екен­дігіне күмән жоқ. Осы арада Narxoz университетінің рек­­торы Кшиштоф Рыбиньски мыр­заның сарапты тұжырымдарына жү­гін­сек, біз Қазақстанды ұлт болашағы – кейінгі ұрпақ үшін өсіп-өркендеген «Мәңгілік Елге» айналдыруда ада­ми капиталдың негізі – білім беру үде­рістерінің ахуалдарынан былайша ха­­бардар болар едік. Әсіресе, ме­нед­ж­мент­ке мамандандырылған ЖОО-ларда жо­ғары білім беру жүйесінің сапасы тө­мен деп саналады. Мұндай көңіл көн­шітпейтін пікірлерді Қазақстанда жұмыс істейтін компания басшылары жиі айтады. «Жуырда менеджмент са­ла­сында білім сапасы үшін үздік бі­лім бе­ру аккредитациясын және инс­ти­тут­тық менеджменттің жоғары са­па­сы үшін CEEMAN жеңімпазы ретінде ма­рапатталған университет ректоры ре­тін­де мен Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін түбегейлі өзгертудің қа­жет­тілігі туралы тынбастан күн сайын, са­ғаттар сайын айта берген болар едім», дейді К.Рыбински. Мәселен, университеті әлем­­дік беделді университеттермен жә­не бизнес- мектептермен иық тір­ес­тіре отырып менеджмент бойынша бағ­дарламалар жасап шығарып, ме­неджмент-білімді түбегейлі тран­с- фор­ма­ция­лайтын инновацияларды енгізуде. Қазақстан тауар және қыз­мет көрсету на­рығы рейтингінде қат­ты құлдырауды бас­тан кешірді. Ел­де нарыққа төтеп бе­ретін белсенді бә­секелестік деңгейі төмен, шетелдік тау­ар өндірушілердің нарығына шығу қа­таң қадағаланып ба­қы­ланады, ұсы­нылатын тауарлар мен көр­сетілетін қыз­мет түрлерінің са­­па­сы­на теріс әсер ететін импорт пен бә­се­ке қатты шек­телген. Отандық өнім өн­дірушілер клиенттерді бағ­дар­лап ны­са­налаушы бо­ла алмай аб­ды­рап отыр. Осы орайда Narxoz университеті өз тәжірибелерімен бөлісе алады. Саябек ЗИЯДИН, экономика ғылымдарының докторы