13 Сәуір, 2011

Ықыласты құттықтаулар, ізгі тілектер

742 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан На­зар­­баев­­тың атына мемлекет, үкімет бас­шы­ла­ры­нан, халық­ара­лық ұйым­дар­дың жетекші­ле­рінен сайлаудағы жеңі­сі­не бай­ла­нысты құттықтаулар келіп түсуде. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты президенттік сайлаудағы сенімді же­ңісімен Германия Федеративтік Республи­ка­сының Президенті Кристиан Вульф құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Президент мырза, Сізді Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Германия алдағы уақытта да экономикалық және саяси реформаларды жүргізу ісінде Қазақстан үшін сенімді және жақсы серіктес болады.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­­ты президенттік сайлаудағы сенімді же­ңісімен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім ша­ралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) атқару­шы директоры Чынар Алдемир құттықтады. Жоғары мәртебелі, Біз Сіздің айрықша жеңісіңізге байланыс­ты қуа­нышыңызды толықтай бөлісеміз, өйткені Сіздер АӨСШК-нің мүшесі болып табыласыз­дар. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіз 1992 жылы 5 қазанда негізін қалаған, көреген және дана қағидаттар, бүгінде, жиырма жыл­дан кейін шындыққа айналды, ал Кеңестің өзі нақты маз­мұнмен толыға түсіп, шын мәнісінде халықаралық беделге ие болғанын атап өтпекпін. АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің қатары артып, бүгінде 24 елге жетуі, АӨСШК құру туралы Сіздің бастамаңыздың дұрыстығын, уақтылы және өміршеңдігін растайтын индикатор болып табылады.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты президенттік сайлаудағы сенімді же­ңі­сі­мен Жапония Премьер-министрі Кан Наото құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Жоғары мәртебелі, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сай­ла­нуыңызға байланысты шы­­­найы құттықтауымды қабыл алыңыз. Еліңіз Сіздің басшылығыңызбен әрі қарай дами түседі және ортаазиялық ай­мақ­тың тұрақтылығына және гүл­де­нуіне үлкен үлес қосады деген үміттемін. Жапонияның шығысында болған зұлмат зілзалаға бай­ла­нысты шын жүректен білдірген көңіл айтуларыңыз үшін және Қазақстан Республикасының гуманитарлық көмек көрсету ту­ралы ұсынысы үшін алғысымды білдіруге рұқсат етіңіз. Жа­пония мен Қазақстанның арасында тату-тәтті және достық қарым-қатынас орнатылған. Елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастарды нығайту және кеңейту үшін Сізбен әрі қарай да ынтымақтасуға ниеттімін.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баевты президенттік сайлаудағы сенімді же­ңісімен Грек Республикасының Премьер-министрі Георгиос Папандреу құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Құрметті Президент мырза, Грекия Үкіметінің және жеке өзімнің аты­м­нан Сізге, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызға орай, шы­найы құттықтауымды жеткізгім келеді. Сіздің осы қызметтегі жаңа мерзіміңізде ел­деріміздің арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мақ­са­тын­да бірге тығыз жұмыс істеу мүмкіндігіне ие боламыз деген сенімдемін. Грек Республикасы мен Қазақстанның арасындағы тамаша қарым-қатынастардың халықтар игілігі үшін нығая түсетін­дігіне сенемін.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Сингапур Республикасының Президенті Селлапан Рам Натан құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Құрметті Жоғары мәртебелі, Қазақстан халқы Сіздің Жоғары мәртебелі көшбасшылы­ғы­ңызды жалғастыруыңызға өзі­нің бекем сенімін білдірді. Мен Сізге өз халқыңызды басқара отырып, прогресс пен гүлдену жолында табыстар тілеймін. Соңғы жылдарда Қазақстан мен Сингапур арасындағы қатынастар арта түсті. Мен Сізбен біздің елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету жөніндегі тығыз жұмысқа үміт артамын.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты президенттік сайлаудағы тамаша же­ңісімен Моңғолия Республикасының Президенті Цахиагийн Элбэгдорж құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізді сайлаудағы тамаша жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Жұмысыңызға табыс, деніңізге саулық, ал достас Қазақстан халқына гүлдену тілеймін.