13 Сәуір, 2011

Сенім сақталды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр  Кә­рім Мәсімов қысқа мерзімдік  жұ­мыс сапарымен Қарағандыда болды. Үкімет басшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  Жар­лығына сәйкес Серік Ах­метов­тің облыс әкімі болып қайта тағайындалғанын мә­лімдеді. С.Ахметов облыстық мәслихат депу­тат­тарының бірауыздан қол­дауы­на байланысты  жауапты қыз­ме­тін  жал­­­ғастыратын болды. К.Мә­сімов өн­дірісті өңір бас­шы­сының бұған дейінгі іс-қызметіне оң баға бере келіп, аймақтың ел эконо­ми­касын одан әрі көтеруіне  үлес­ті үл­кейту, тұр­­ғын­дар­дың әл-ау­қа­тын, тұр­мыс­тық жағ­дайын жақ­сар­ту  жо­лын­­да­ғы  жаңа мін­дет­терді  тұ­жы­рым­дап, алға қой­ды. Елбасы белгілеген  стра­­тегиялық мақ­сат­тарды  орын­дау ба­ғы­тында отан­дық индустрия қара ша­ңы­рағы­ның көш­бас­шылық  рөлі­­нен ай­ны­мау керектігі атап көрсетілді. Облыс әкімі болып қайта та­ға­йын­далуына байланысты зор жа­уапкершілікті  ақтауға Серік Ахметов күш-қабілетін одан са­йын жұмыл­ды­ра түсетіндігіне сенім білдірді. Айқын НЕСІПБАЙ. Қарағанды.