14 Сәуір, 2011

Алдағы міндеттер айқындалды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Орал қаласында облыс ак­тиві өткізілді. Онда Қазақстан Рес­публикасының Президенті Әкім­шілігінің Басшысы Аслан Мусин активке қатысушыларды Елба­сы­ның Бақтықожа Ізмұхамбетовті Батыс Қазақстан облысының әкі­мі етіп қайта тағайындағаны жө­нін­дегі Жарлығымен таныстырды. Бұдан соң Б.Ізмұхамбетов Мем­лекет басшысы мен мәслихат де­путаттары көрсеткен жоғары сенім биігінен көрінуге бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді. Активте сөз алған еңбек ардагері Жайсаң Ақбай мен Орал қа­ла­сындағы «Зенит» зауытының ди­рек­торы Вячеслав Валиев облыс бас­шысының бұған дейінгі атқа­рып келген қызметіне оң баға берді. Әрі ол Ақжайық өңіріндегі жасампаз жобаларға бастамашы бола білгенін атап көрсетті. Актив аяқталар сәтте А.Мусин ба­тысқазақстандықтар алдында тұр­­ған жаңа міндеттерге тоқталды. Бі­рыңғай шикізаттық бағыттан өн­імді терең өңдеуге күрт бет­бұ­рыс жасау мен жобаларды жүзеге асыруда тұрақтылық сипат қа­жет­тілігін алға тартты. Өңірде ауыз сумен қамтылмаған 38 елді мекен бар екеніне жергілікті атқарушы органдардың назарын аударды. Темір ҚҰСАЙЫН. Орал.