Швейцарияның Лозанна қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахпен кездесті.
Халықаралық Олимпиада комитетінің штаб-пәтерінде өткен екі жақты кездесу барысында Тимур Құлыбаев биыл құрылғанына 25 жыл болатын Ұлттық Олимпиада комитетінің тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігі және болашақтағы жоспарлары туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасындағы спорт және дене шынықтыру туралы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін жаңа заң жобасы жайына да тоқталды.
Кездесу барысында әлемдік олимпиялық қозғалыстың маңызды сұрақтары талқыланып, допингпен күрес және «таза спортшыларды» қорғау мәселесіне баса назар аударылды.
Өз кезегінде Томас Бах федерациялар спортты дамытудағы негізгі ілгерілетуші күш екенін атап өтіп, қазақстандық Олимпиада комитетінің Ұлттық федерациялардың рөлін нығайтуға бағытталған жоспарларына қолдау білдірді. Сонымен қатар, ХОК президенті Қазақстанның допингпен күрес жолында қолға алып жатқан шараларына жоғары баға беріп, елдің ұстанған «нөлдік төзімділік» позициясы әлемдік антидопинг жүйесінің ажырамас бөлігі екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Томас Бах қазақстандық спортшылардың Алматыдағы ХХVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада және Саппородағы VIII қысқы Азия ойындарында көрсеткен нәтижелеріне де жоғары баға берді.
Кездесу соңында Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдық мерейтойға арналған дайындығы туралы айтып берді. Салтанатты шара наурыздың 17-сі күні Астана қаласында өтеді.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
• 13 Наурыз, 2017
Халықаралық олимпиада комитетінің басшысымен кездесті

Базардағы жаңа тәртіп: Баға айқындалып, бақылау тетіктері күшейеді
Сауда • Бүгін, 09:55
Елімізде табиғи газ тұтынушылар саны 13 миллионға жетті
Қоғам • Бүгін, 09:43
Руханият • Бүгін, 09:25
Қаржы • Бүгін, 09:22
Қоғам • Бүгін, 09:22
Әдебиет • Бүгін, 09:20
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:18
Шахмат • Бүгін, 09:15
Өнер • Бүгін, 09:12
Ертіс бойына сумен бірге ырыздық келеді
Аймақтар • Бүгін, 09:08
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:05
Жетіқараны неге «Жітіқара» деп жүрміз?
Аймақтар • Бүгін, 09:03
Жәдігер • Бүгін, 09:00
Тарихи ескерткіштер қорғауға зәру
Мәселе • Бүгін, 08:58
Әдебиет • Бүгін, 08:55