Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейін 64,3 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты елімізде газдандыру бағытында 40 жоба іске асырылған. Аталған жобалардың нәтижесінде 10 елді мекендегі 32 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді. Жобалар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарын, сондай-ақ Ұлытау және Жетісу облыстарын қамтиды.
Сонымен қатар ел аумағында «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңінің құрылысы жалғасып жатыр. Бұл бағытта жыл соңына дейін жылдық өткізу қуаты 10 миллиард текше метрді құрайтын газ құбырының желілік бөлігін аяқтау жоспарланған.
Нұрболат АМАНБЕК