13 Наурыз, 2017

Еліміздің кей өңірлерінде жауын-шашын болып, қар жауады

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерінің кей жерлерінде жауын-шашын болып, көбінесе қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, топырақ аралас жел соғады, деп хабарлайды «Қазгидромет». Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал. Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, түнде тұман күтіледі. Атырау облысының кей жерлерінде де жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде топырақ аралас жел соғып, 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.