13 Наурыз, 2017

Қазақстандағы банктердің активтері азаюда

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2017 жылы қаңтарында елдегі 33 банктің 19-ның активтері азайған. Мұндай мәліметті ranking.kz келтіреді. Өткен жылдың желтоқсанындағы банк активтерінің азаюы биыл қаңтар-ақпанда да жалғасты. Тек қаңтар айының өзінде банк активтері 338,4 млрд теңгеге (1 пайыз) қысқарған. Ал өткен жылдың желтоқсанында активтер көлемі 120 млрд теңгеге (0,5 пайыз) азайды. Банк активтерінің азаюына негізгі себеп елдегі несиелендірудің азаюы. Қаңтарда ЕБД (екінші деңгейлі банк) қарыз портфелі 207,3 млрд теңгеге (1,3 пайыз) азайды. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы банк секторы, әсіресе жылдың екінші жартысында, қарқынды көтерілген еді. 2016 қаңтар-желтоқсан айларында банктердің жалпы активі 1 тлрн теңгеден астамға (4 пайыз) өсті. 2017 жылы активтің ұлғаюы бойынша ең жоғары көрсеткіш Еуразиялық банкте байқалды. Бір айда банк активі 61,7 млрд теңгеге ұлғайып, 1,06 трлн теңгеге жетті. Ал екінші орында Сбербанк. Оның активі қаңтарда 49,8 млрд-қа артып, 1,71 трлн теңгеге жетті. Үшінші орында АТФ банкі. Оның активі 42,9 млрд-қа ұлғайып, до 1,41 трлн теңгеге жетті.