13 Наурыз, 2017

Ғаламторға Елбасының сөйлеген сөздерін қамтитын кітап жүктелді

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президентінің дербес парақшасына Елбасының сөйлеген сөздерін қамтитын «Темірқазық» атты кітап жүктелді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің Фейсбук парақшасында хабарланды. «Қалың оқырманға арналған кітапта Қазақстан Президентінің әр жылдардағы түрлі тарихи оқиғаға орайластырылған, «Тәуелсіздік тұғыры», «Тарихи тамырлар», «Алаш арыстары» және «Мәңгілік мұрат» тәрізді шартты атаумен жүйеленген сөздері жүйеленіп, реттеліп топтастырылып берілген», – делінген хабарламада. Қазақ тілінде жарияланған кітаптың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.