13 Наурыз, 2017

"Егемен Қазақстанның" он томдық жинағы шығады

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
"Егемен Қазақстан" газетінің таңдаулы мақалалары басылымның жүз жылдығына орай он томдық жинақ болып жарық көреді. Бұл туралы бүгін газет қолға алған жобаларды таныстыру барысында хабарланды. Он томдық жобасына қатысушылардың бірі Намазалы Омашұлы зерттеу жұмыстарын жасай жүріп "Егемен Қазақстанның" архивін үш рет қарап шыққанын айтты. "Ол нөмірлер төрт жерде сақтаулы. Біраз беттері жоғалған, қиылған. Ал енді сол архив электронды форматқа көшірілсе немесе ол архив он томдық кітап болып шықса, зерттеушілер үшін баға жетпес сыйлық болғалы тұр. Өйткені, "Егемен Қазақстанның" архиві өте бай. Оның бір бөлігі төте жазу нұсқасында, оларды кириллицаға көшіру қажет", деді Намазалы Омашұлы. Жинақтың алғашқы алты том келесі жылы шығады, ал басылымның 100 жылдығына қарай он томдық толығымен оқырман назарына ұсынылмақ. Намазалы Омашұлы Осыған орай пікір білдірген Сұлтан Оразалы бұрын зерттеу жүргізу барысында ғалымдар төте жазудан кирилицаға аударуға өте көп уақыт жұмсағанын айтты. "Ал қазір ізденген адамға бұл он томдық өте үлкен көмек болады, әрі ғылыми жұмыстарды жеңілдетеді. Себебі, төте жазудан аударылып басылады", деді ол. Жоба жетекшісі Дархан Қыдырәлі "Жүз жылғы газет нөмірлерін он томға сыйғызу қиын және барлық материалдарды кітапқа кіргізуге қажеттілік те жоқ. Сондықтан ол материалдардың ішіндегі маңыздылары таңдалады", деді басылым басшысы.