13 Наурыз, 2017

Бизнесмендердің теңгеге деген сенімдері артты

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстандық кәсіпорындардың екінші деңгейлі банктерде доллармен салған депозиттері 2015 жылдың басынан бергі ең төменгі көрсеткішке түсті. 2017 жылдың қаңтар айы қорытындысы бойынша, доллармен салынған депозиттің көлемі жалпы депозиттің 53 пайызын құрап, 2,2 тлрн теңге болды. Қазақстандық бизнес ұлттық валютаның девальвациясының болу мүмкіндігін төмен бағалап, өз ақшаларын теңгемен жинай бастаған. Бір жыл бұрын кәсіпкерлер девальвацияның болу мүмкіндігін жоғары бағалап, жаппай шетел валютасына көшкен еді. Ол кезде депозиттегі шетел валюта көлемі 71 пайызды құраған. Шетел валютасына қазір бизнестің сұранысы азайды. Қаңтарда KASE-де АҚШ долларының саудасы 1,6 млрд долларға теңесті. Бұл 2006 жылдан бергі 10 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Сонымен қатар, биржадан тыс саудада да шетел валютасының айырбас көлемі азайған.