13 Наурыз, 2017

Астанада иллюзия мен чемодандар саябағы салынады

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астананың Сарыарқа ауданында сүрілетін ескі үйлердің орнына оннан астам жаңа саябақ пайда болады, деп мәлімдеді аудан әкімі Арман Тұрлыбек. "Темір жол вокзалына жақын орналасуын ескере отырып Біржан Сал көшесінде чемодандар саябағын салатын болдық", - деді әкім. Оның айтуынша, биыл 12 саябақ салынады. Осындай тағы бір жоба иллюзия саябағы. Республика мен Дүкенұлы көшелерінің қиылысында иллюзия саябағы, онда Эймс бөлмесі салынады. Бұл бөлменің бір бұрышында тұрған адам екінші бұрышындағы адаммен салыстырғанда алып болып көрінеді. Сонымен қатар, "көзді алдайтын" басқа да бөлмелер жасалмақ. Тақырыптық гүлзарлардан бөлек қала билігі орамаралық кеңістіктер жасамақ. Үйлердің аулаларында ойын алаңдары мен скейтборд алаңдары салынбақ. Қазір аталған жұмыстардың қай жерлерде жасалатыны анықталды. Олардың тізімі төмендегіше: 1. Бейбітшілік көшесі, 18/1 — 0.25 га. 2. Сарыарқа даңғылы, 15 — 0.9 га. 3. Н. Тілендиев даңғылы, 36 — 0.72 га. 4. Г. Потанин көшесі, 16, 18, 20 — 0.44 га. 5. Ш. Айманов көшесі, 22/1 — 0.51 га. 6. Конституция көшесі, 28 — 0.65 га. 7. Желтоқсан көшесі, 17 — 0.68 га. 8. Жеңіс көшесі, 43/1 — 0.68 га. 9. Құтпанов көшесі, 4 — 0.18 га. 10. Сарыбұлақ жағалауы — 1.1 га. 11. Дүкенұлы көшесі, 13 — 0.26 га. 12. Дүкенұлы көшесі 10 — 0.3 га. 13. Жеңіс көшесі, 73 — 0.14 га. 14 . Желтоқсан көшесі 32/1 — 0.5 га.