13 Наурыз, 2017

Елбасы сот жүйесі мен «Астана» ХҚО туралы Конституциялық заңға қол қойды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы сот жүйесі туралы және «Астана халықаралық қаржы орталығы туралы заңнаманы әрі қарай жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерін сот жүйесі туралы және «Астана халықаралық қаржы орталығы туралы заңнамадағы өзгерістерге сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің және «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.