13 Наурыз, 2017

Мұнай мен теңге қайта көтеріле бастады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
KASE-нің күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша, АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы таңғы сессиядан бері 0,26-ға төмендеп, 317,94-ке түсті. Ал Астана уақытымен күндізгі сағат 15:40-та Брент маркалы мұнай құны 0,08 пайызға қымбаттап, 51,39 долларға теңесті. Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең мұнай бағасы 51 доллардан төмен түсіп, 2016 жылғы 30 қарашадан бергі минимумға арзандаған еді.