Испанияның «Барселона» футбол клубы бас жұлдызы Лионель Мессимен келісімшартын ұзартқан жағдайда оған қосымша 40 миллион еуро сыйақы беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы «Р-Спорт» басылымы хабарлады.
Аргентиналық шабулшының қазіргі келісімшарты бір жылға дейін жарамды. Жылдық жалақысы – 22,8 миллин еуро.
Өткен жылдың қазан айында каталондық клуб есеп беру кезінде келісім уақытын ұзартқаны үшін үш футболшыға 64 миллион еуро бонус төлегенін мәлімдеген болатын. Бірақ олардың есімдері жасырын күйде қалған. Ал өз кезегінде Mundo Deportivo басылымы Хавьер Маскерано, Серхио Бускетс және Неймар екенін хабарлады. Бұл тұста бразилиялық шабуылшы 30 миллион еуро алды деген ақпарат та тараған.
Бұған дейін Испанияның бірнеше БАҚ өкілдері клубтың Мессимен 2022 жылға дейін келісім уақытын созуға ниетті екенін жазған. Бұл іс орын алған жағдайда 29 жастағы шабуылшы әлемдегі жалақысы ең жоғары футболшы атанбақ.
Айта кетейік, Месси мансабын дәл осы «Барселонада» бастаған. Каталондықтардың сапында сегіз дүркін ел чемпионы атанса, төрт мәрте Испания Кубогына қол жеткізген. Сонымен қатар, төрт мәрте Чемпиондар лигасында топ жарса, үш реттен УЕФА Суперкубогы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын
• 13 Наурыз, 2017
Месси «Барселонамен» келісімшартын ұзартқаны үшін 40 млн еуро сыйақы алады

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе
Аймақтар • Кеше
Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Кеше
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Кеше
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Кеше
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Кеше
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше