14 Сәуір, 2011

Бағдарламалар аяғына жеткізіледі

1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кә­рім Мәсімов қысқа мерзімдік жұмыс сапарымен Оңтүстік Қа­зақстан облысына келді. Ол об­лыс активі алдында Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың Жар­лы­ғына сәйкес бұған дейін об­лыс әкімі қызметін атқарып келген Асқар Мырзахметовтің қайта тағайындалғандығын хабарлады. Облыстық депутаттар корпусы бірауыздан қолдады. Асқар Мырзахметов Оңтүстік­ке әкім болып тағайындалған екі жыл ішінде талай толымды жұ­мыстар атқарды. Мәселен, жалпы өңірлік өнім алғаш рет 1 трлн. теңгеден асты. Елбасының өзі ар­найы келген сапарында шағын және орта кә­сіпкерлікті Оңтүстік­тен үйрену керек деген бағалауы осындағы жұ­мыстардың өз дең­гейінде атқа­ры­лып жатқандығын байқатады. Асқар Мырзахметов Елба­сы­ның сеніміне рахметін айта оты­рып, қолға алынған бағдарла­ма­лар­ды аяғына дейін жеткізуге уә­де берді. Премьер-Министр Кә­рім Мә­сімов қорытынды сөзінде мемлекеттік бағ­дарламаға сәйкес ин­дус­трия­лық-инновациялық жо­ба­лардың жү­­зеге асырылуы си­яқ­ты өзекті мә­се­лелерде Оңтүстік­тің ал­дын­да тұр­ған жұмыстарды жүлгеледі. Бақтияр ТАЙЖАН. Шымкент.
Соңғы жаңалықтар

Digital: дәуір дидары

Digital • Бүгін, 08:20

Әр операция – бір тағдыр

Маман • Бүгін, 08:15

Trade-in тұтынушыға тиімді тетік пе?

Сараптама • Бүгін, 08:10

Жасанды интеллект пен «жасыл» энергетика

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:07

Атына заты сай кәсіпорын

Өндіріс • Бүгін, 08:00