Өскемендегі «Жекпе-жек» спорт сарайында еркін күрестен өткен жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионатына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 200-ден астам спортшы қатысты. Командалық есеп бойынша қыздар арасында үздік болып Ұлан ауданының спортшылары танылды. Олар түрлі салмақта бес медальға қол жеткізді. Ал ұлдар арасында өскемендіктерге тең келер қарсылас болмады, олар тоғыз медальды қанжығаларына байлаған еді.
Дегенмен, жарыс қорытындысында Семей қаласының балуандары 10 медаль иеленіп, бірінші орынды жеңіп алды. Олардан кейінгі тұғырға өскемендіктер жайғасса, үшінші орынға Жарма ауданының балуандары табан тіреді.
Көкпекті ауданындағы Самар ауылының намысын қорғаған жас балуан, «Азия балалары» халықаралық ойындарының күміс жүлдегері, облыстық және республикалық чемпионаттардың жеңімпазы Шыңғыс Мұхамедқалиевтың айтуынша, осы жарысқа қатысушы өрендердің әрқайсысының арманы – облыстың атын әлемге таныту, байрақты бәсекелерде қазақтың көк туын желбірету. Спортшының өзі осы жолғы бәсекеде 76 кило салмақ дәрежесінде топ жарды.
Енді облыстың мықты деген жас балуандары Ақмола облысының Шучье қаласында өтетін республикалық сайысқа қатысатын болды.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
журналист
ӨСКЕМЕН

Қоғам • Кеше
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Кеше
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше