14 Наурыз, 2017

S&P агенттігі Қазақстандағы банк секторының басты проблемасын атады

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстандық банктер үшін 2017 жыл ауыр болады. Оған себеп ІЖӨ көлемінің төмендігі, теңге бағамының жиі ауытқуы мен шикізаттың төмен құны. Мұның бәрі банк секторының өсіміне, табысы мен актив сапасына кері әсерін тигізбек, деп жазады Standart & Poors рейтингтік агенттігі. «Біздің пікірімізше, Қазақстан банк секторының басты проблемасы несиелік тәуекелдің тым жоғарылығы. Ресми статистикаға сүйенсек, проблемалық несиелер көлемі банктердің несиелік портфельдерінің 25-30 пайызына дейін жетеді. Бұл банктердің несие нарығының түбіне жетуі мүмкін. Бұл несиелер негізінен бұрынғы жылдары берілген және бүгінге дейін осы мәселе шешімін таппай отыр. Ол кезде банктердің тұтынушыларға талабы тым жұмсақ болғандықтан несие нарығы осындай проблемаға тап болды", - дейді агенттік сарапшылары. S&P мәліметінше, банктер өз баланстарын тазаламайынша, банк секторындағы жағдай дұрысталмайды. «Қазіргі таңда ел билігі банк секторына тағы 2 трлн теңге бөлу мәселесін қарап жатыр. Бұл проблемалық несиелерді жабу үшін бөлінбек. Дегенмен, бұл қаржы ірі және маңызды банктерге ғана берілмек. Ұлттық банк стресс тестілеу мен сараптама жүргізсе, нарықта белгісіз болып келген талай проблемалық несие ашылар еді. Жалпы, Қазақстандағы банк жүйесі мемлекеттің қамқорлығына әбден мұқтаж болып отыр", - дейді агенттік.