14 Наурыз, 2017

Елордада сириялық келіссөздердің үшінші раунды басталды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13 наурызда Астанаға сириялық үкіметтің делегациясы БҰҰ САР арнайы өкілі Башар Джаафаридің төрағалығымен және Иран делегациясы СІМ басшысының орынбасары Хосейн Джабери Ансаридің төрағалығымен келген болатын, деп жазады strategy2050.kz.
Сирияның оппозиция және билік өкілдері, Ресей, Түркия және Иранның халықаралық  делдалдары  екі күндік консультациялар барысында Сириядағы «Джебхат ан-Нусра» және «Ислам мемлекеті» лаңкестік топтары бөлімдерінің қатысуы туралы бірыңғай картаны әзірлеуі керек. Ресейлік делегацияны РФ президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев басқарды. Өз кезегінде, Түркияның атынан елдің СІМ басшысы Седат Онал келді. Айта кетейік, Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов үкіметтік сағатта 14-15 наурызда  елордада сириялық реттеу бойынша келіссөздер өтетіндігін айтқан еді.