14 Наурыз, 2017

Банктер тамақ өнеркәсібіне несие беруді көбейтті

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы жылы банктердің тамақ өнеркәсібін несиелік қолдауы айтарлықтай көбейді. 2012-2015 жылдары ЕДБ қарыз портфельдері көлемі айтарлықтай өзгермей 330 млрд теңге шамасында сақталса, соңғы жылы осы саладағы кәсіпорындарға берілген қарыз көлемі 16 пайызға көбейіп, 359 млрд теңгені құрады.

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында осы секторда жұмыс істейтін кәсіпорындардың өнімдері 4 пайызға ұлғайды. Ал 2014-2015 жылдары тамақ өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі тоқырап қалған еді.

Алайда, қарыз портфельдерінің құрылымы көрсеткендей, берілетін несиенің басым көпшілігі 1 жылға дейінгі қысқамерзімді қарыздардан тұрады. 2016 жылы тамақ өнеркәсібіне берілген қысқамерзімді қарыз көлемі 45 млрд теңгеге ұлғайса, ал ұзақмерзімді несие көлемі тек 23 млрд теңгеге көбейген. Банктер негізінен тамақ өнеркәсібіндегі бұрыннан бар қарыздарды қайта қаржыландырумен айналысуда. Шын мәнінде, ұзақмерзімді несиелендіру деңгейі соңғы 5 жылдағы минимумға түскен. 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 1 жылға дейін қайтару шартымен 51 млрд теңге шамасында жаңа несие рәсімделген. Айта кетейік, "Өндіріс 2020" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда тамақ өнеркәсібі экономиканың басты салаларының қатарына енгізілген.

Ұқсас жаңалықтар