Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкіметте ҰБТ-дағы қазақ тіліне қатысты өзгерістерді түсіндірді.
"Биыл қазақ тілін мектеп түлектерінің 100 пайызы тапсырады. 12 жыл бойы орыс мектептерінің түлектері қазақ тілін ҰБТ аясында тапсырып келген болса да, оның нәтижелері есепке алынбаған. Тіл білімін бағалау нәтижелері грантты алуға ықпал етпеген. Сонымен қатар, мектеп түлектерінің бір бөлігі қазақ тілін тест негізінде емес, мектепте әзірленген билеттер бойынша тапсырған. ҰБТ екі кезеңге бөлінуі себепті, сондай-ақ, биылғы мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілін тапсыру мақсаты қойылып отырғандықтан, аттестатты алу үшін әрбір түлек емтихан тапсырып, тіл білімін тестілеу қорытындылары бойынша сәйкес бағасын алуы тиіс. Жоғары оқу орнына барған кезде қазақ тілінде мектеп бітірген балалар ҰБТ-ны қазақ тілінде алып отыр ғой. Биыл олардың үлесі - 80-85%. 15 пайызы бірыңғай тест ретінде қазақ тілін тапсыратын болады", - деді министр.
• 14 Наурыз, 2017
Сағадиев ҰБТ-дағы қазақ тіліне қатысты өзгерістерді түсіндірді

Қоғам • Кеше
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Кеше
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше