14 Наурыз, 2017

Мұнай бағасы мен теңге қайта көтеріліп келеді

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
KASE-нің таңғы сессиясының қорытындысы бойынша, бүгін, 14 наурыз күні 1 АҚШ доллары 317,85 теңге болды. Айта кетейік, кеше күндізгі сессияның қорытындысы бойынша доллардың бағамы 317,94 теңге болған еді. Теңгенің аздап көтерілуіне мұнай бағасы әсер еткен болуы ықтимал. Бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 11:35-те брент маркалы мұнай құны 0,10 пайыз қымбаттап, 51,40 долларға теңесті.