14 Наурыз, 2017

Есеп комитетінің төрағасы тағайындалды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Н.Қ.Әбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. "Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын", делінген Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында. Нұрмұхамбет Әбдібеков 1961 жылы 21 желтоқсанда Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген. 1984 жылы Мәскеу тау-кен институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. Ол еңбек жолын 1984 жылы Шилісай фосфорит кенішінің шебері, кейін тау-кен цехының бастығы болып бастаған. 1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметке араласты. Кейін Ақтөбе, Атырау облыстарының әкімдіктерінде бірқатар басшылық қызметтер атқарды. 2010 - 2011 жж. ҚР Индустрия және сауда вице-министрі, 2011-2012 жж. Ақтөбе қаласының әкімі, 2012 - 2014 жж. Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2014 жылдың маусымынан бастап Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарды.