Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шеврон» корпорациясының бас атқарушы директоры және директорлар кеңесінің төрағасы Джон Уотсонды қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
– Әңгімелесу барысында мен Президентке Теңіз кен орнын дамытуға бағытталған «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының жұмысы туралы баяндап бердім. Өткен жылы біз өңдеу саласында рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік. Ең бастысы, біздің қол жеткізгеніміз – бұл қоршаған ортаны қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі жақсы көрсеткіш. Мен сондай-ақ Президентке қазақстандық мамандарды даярлауға және одан әрі дамуға бағытталған біздің бастамаларымыз туралы айттым. Бүгінгі күні біздің қызметкерлеріміздің 85 пайызын қазақстандықтар құрайды. Біз ТШО мен «Шевронның» қазақстандық мазмұнын дамытудағы үлесін талқыладық. Біз Мемлекет басшысының Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі бастамасын толық қолдаймыз. «Шеврон» компаниясы бүгінде Теңіз кен орнын өңдеуде ең жаңа технологияны пайдалануда. Осы кен орнында алғаш рет жүзеге асырылған шикі газды шайқау соның нақты бір мысалы болып табылады. Сондай-ақ жақында металпластикалық құбырлар өндірісі зауытының құрылысы аяқталды, қазір біз ілмек арматура өндірісінің құрылысына кіріспекпіз. «Шеврон» компаниясы жел электрстансасының құрылысына инвестиция салатын болады және Қазақстандағы энергия көздерін жаңартуды дамытуға өз үлесін қосады. Президент бірнеше жылдан бері Қазақстанды табысты басқарушы көшбасшы болып табылады. Мұны өткен президенттік сайлаудың нәтижесі айқын көрсетті. Ол оңайға соқпаған өткен жылдарда да, таяудағы жаһандық қаржылық дағдарыста да елді өте тиімді және табысты басқарып келеді. Қазақстан таңғаларлықтай нәтижелер көрсетті. Нұрсұлтан Назарбаев елдегі инвестициялық ахуалдың жақсаруына ерекше мән береді, – деді журналистерге арналған брифинг барысында Д.Уотсон.
-----------------------------------------
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47