15 Сәуір, 2011

ЖАҢА...

352 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
...ӨНІМ ТҮРІН ШЫҒАРА БАСТАДЫ Қостанай қаласындағы «­Ал­­­па­мыс» аяқ киім фаб­ри­ка­сы көп жылдардан кейін бала­лардың аяқ киімін қайтадан шығара  бастады. Бұл кәсіп­орын үшін  жаңа өнім түрі бо­лып саналады. Өйткені,  осы уақытқа дейін фабрика тендер бойынша ұтып алған қаржыға  Қарулы Күштер мен әлеуметтік орган саласы қызметкерлері үшін қысқы және жазғы аяқ киім түрлерін тігетін. Балаларға аяқ киім тігу  ісі ресейлік сауда орындарының сұ­ранысы бойынша қолға алын­ды. Қазір мұнда бүл­дір­шіндерге арналған аяқ киімнің 6 түрі  дайын тұр. Олардың барлығы да таза теріден тігілген. Мамандардың айтуынша, егер сұраныс болса,  кәсіпорын өнім көлемін ұлғайтуға және түрін көбейтуге дайын. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай. * * * ...КӨЛІКТЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ Петропавл қаласының «­Дос­тық» алаңында өткен сал­танатты шара  қоршаған орта мен жан-жануарлар әлемін көз­дің қарашығындай қорғап жүр­ген орманшыларды ұлықтауға арналды. Оған облыс әкімі Серік Бі­ләлов қатысып, су жаңа  өрт сөн­діру техникаларын табыс етті. Осы мақсат үшін  жергілікті қазынадан 80 миллион теңге қарастырылып, 7 «УАЗ-33» автокөлігі, 17 «МТЗ» трак­торы және 1 өрт сөндіру мә­ши­несі сатып алынды. Олар 12 ор­ман шаруашылығы мен «Крас­ный бор»  мемлекеттік кә­сіпорнына берілді. Орман мекемелерінің материалдық-тех­никалық базасын нығайту алда да жалғаса беретіні айтылды. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы. * * * ...БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ Ақтөбе қаласындағы Жаға­лау көшесінде пайдалануға берілген 140 орындық «Балақай» балабақшасы бүлдіршіндердің игілігіне айналды. Жаңа үл­гі­дегі заманауи мектепке дейінгі балалар мекемесін салуға 220 миллион теңге жұм­салған. Жеке серіктестік күшімен салын­ған балабақша екі қабатты. Бірінші қабатта асхана, кір жуа­тын орын, меди­циналық және топтық бөлме­лер орналасқан. Екінші қабатта домбыра, баян, фортепияно үйір­мелеріне ар­найы бөлмелер бөлінген. Мұнда сондай-ақ бүлдір­шін­дер «Палитра» бағдарлама­сына сәйкес бейнелеу өнерінен сабақ алады. Биыл облыс орта­лығындағы «Оңтүстік-Батыс» және «Жаңақоныс» шағын аудан­дарында да осындай сәу­летті балабақшалар бой көтеретін болады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.