Құрметті әріптестер!
Сіздерді Қазақстан ғылымы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Таным рухы мен тыңғылықты шығармашылық ізденіс қарыштап алға өрлеудің қозғаушы күштері болып табылады. Біз қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына өздерінің лайықты үлесін қосып отырған республика ғалымдарын мақтан тұтамыз.
Ғылым алдында мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру, технологиялық жаңғыртуға ықпал ету міндеттері қойылған.
Бүгінде қазақстандық ғалымдар кез келген қызмет саласының барынша бастамашыл әрі белсенді бөлігі деп саналса, олардың жаңашыл идеялары экономика мен гуманитарлық саланы байытуға, халық тұрмысы сапасының үздіксіз өсуі жолына қызмет атқарады.
Біз ғалым кәсібінің абыройын арттыру, талантты жастарды ғылымға тарту үшін жағдайлар жасау, қазіргі заманғы зерттеу зертханаларымен қамтамасыз ету саясатын әрі қарай жалғастырамыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ел ғалымдарының алдына қойған міндеттерін жұмыла шешетінімізге сенімдіміз. Ғылыми қауымдастықтың барлық өкілдеріне шығармашылық табыстар, ауқымды ғылыми ой өріс, мықты денсаулық пен игі жақсылықтар тілейміз!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.