Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қ.Ә.Мәмиді Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты қызметіне тағайындау туралы
Қайрат Әбдіразақұлы Мәми Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 15 сәуір. № 56
_________________________
Қайрат Әбдіразақұлы МӘМИ
1954 жылдың 9 мамырында туған. 1981 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді.
1981 жылғы тамыздан 1990 жылғы қарашаға дейін Атырау облыстық сотында тәлімгер, облыстық соттың судьясы, төраға орынбасары, төрағасы болды.
1990 жылғы желтоқсаннан 1993 жылғы мамырға дейін Қазақ КСР Жоғарғы Сотының мүшесі.
1993 жылғы сәуір мен 1995 жылғы қараша аралығында Алматы қалалық сотының төрағасы.
1995 жылғы қараша мен 1999 жылғы ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының, Жоғарғы Сот төрағасының міндетін атқарушы. 1999 жылғы ақпан мен 1999 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі.
1999 жылғы тамыз бен 2000 жылғы қыркүйек аралығында Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары – мемлекеттік-құқықтық бөлімнің меңгерушісі.
2000 жылғы қыркүйек пен 2009 жылғы сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметін атқарды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі Жарлығымен Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры қызметіне тағайындалды.
2011 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды.
1995 жылы заң ғылымдарының кандидаты болды. 2004 жылы «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылық пен сот билігі: негізгі тенденциялар мен басымдықтар» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Профессор (2005 ж.).
«Парасат» орденімен (2003 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006 ж.), «Астананың 10 жылдығы» (2008 ж.) мерекелік медальдарымен марапатталған.
Қазақстан мен Ресей арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін 2007 жылы Ұлы Петр орденімен марапатталған.
* * *
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Н.Әбіқаевты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы
Нұртай Әбіқаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 15 сәуір. № 57
* * *
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
А.Қ. Дауылбаевты Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметіне тағайындау туралы
Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаев Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 15 сәуір. № 58
______________________________
Асхат Қайзоллаұлы ДАУЫЛБАЕВ
1962 жылы туған. Свердлов заң институтын бітірген, заң ғылымдарының кандидаты, 3-сыныпты әділет мемлекеттік кеңесшісі сыныптық шені бар.
Институтты бітіргеннен кейін Алматы қаласының прокуратура органдарында жұмыс істеді. Октябрь ауданы прокуратурасының тергеушісі, Калинин және Октябрь аудандары прокурорының орынбасары, қала прокуратурасының бөлім бастығы болды. Алматы қалалық төрелік сот төрағасының орынбасары, Бас прокуратураның жалпы қадағалау басқармасының бастығы лауазымдарында қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды. Республика Парламенті Мәжілісінің депутаты, Достастық елдері Парламентаралық Ассамблеясының Құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланды.
2001 жылғы қаңтардан – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.